- Басты
- Жаңалықтар
- Катар ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойды
Катар ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойды
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, басқосу барысында көрмеге қатысу келісімшартына қол қойылды. Ахметжан Есімов өз сөзінде, ұлттық компания, көрменің мемлекеттік қатысушыларына павильондарын тапсыру жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Бүгінгі таңда халықаралық қатысушыларға 13 павильон тапсырылды. Олардың қатарында БАӘ мен Иордания сынды мемлекеттер павильондарының ішкі дизайнын әрлеу жұмыстарына кірісіп кетті.
Қазақстан Республикасындағы Катар мемлекетінің өкілетті елшісі әрі көрме Комиссары өз павильондарын көріп, атқарылған жұмыс сапасына ришалығын білдірді.
«Біз соңғы кездері жоғарғы деңгейлі көптеген іс-шараларға қатысуға тырысамыз. Тіпті, 2012 жылғы Йосуда өткен ЭКСПО-да өз экспозицияларымыз үшін қол жүлдегер атандық. Сондықтан көрме қонақтарын мейлінше таң қалдырамыз деген үміттеміз. Катар павильон үздіктердің қатарында болары анық. Ал, Катар мемлекетінің ұлттық күні өткізілгенде елімізден жоғары лауызымды тұлғалар келетін болады» - деді Ахмед Али Аль-Тамими.
Айта кету керек, Миланда өткізілген ЭКСПО-2017 көрмесінде катарлық павильонға 2 миллионнан астам адам келген. Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Катарлық павильонның ауданы 457 шаршы метр, әрі ол БАӘ, Франция, Румыния және Словакиямен көршілес болады.
Басқосу нәтижесінде ЭКСПО-2017 көрмесіне Катар мемлекетінің қатысу келісімшартына қол қойылды. Дәл осы күні Әзірбайжан мен Австрия мемлекеттеріне павильондары тапсырылды.
Қазіргі күні 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым Астанадағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын ресми растады, оның 5-і араб мемлекеттері.
Айта кетейік, көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Елімізде ана мен балаға қандай әлеуметтiк қолдау көpсетiледi -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды