- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті Назарбаев Университетінің медицина мектебінде болды
ҚР Президенті Назарбаев Университетінің медицина мектебінде болды
Іс-шара барысында Қазақстан Президенті бейінді білім берудің заманауи талаптарына толықтай сай келетін медицина мектебінің жаңа ғимаратын аралап көрді.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев оқушылармен және педагогтармен кездесті.
Әңгімелесу барысында Елбасы қазіргі уақытта әлемнің медицина мен биология саласындағы ғылыми прогресс алдында тұрғанын атап өтті.
«Жаңа медицина мектебінің жабдықталуын, оқыту деңгейін әлемнің үздік университеттерімен салыстыруға болады. Сондықтан мен өздеріңізден үлкен жаңалықтар күтемін. Сіздердің зерттеулеріңіз, зертханалық мүмкіндіктеріңіз, оқытушылардың ғылыми әлеуеті сырқаттың ең күрделі түрлерін емдеудің, адам өмірін ұзартудың жаңа әдістерін табуға мүмкіндік береді. Бұл мектеп өзімен бірге басқа университеттерді ілгері жетелейтін негізгі базалық оқу орны ретінде құрылды», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен бірге, Қазақстан Президенті XXI ғасырда ақпараттық технологиялармен қатар медицина мен биологияның да алдыңғы орынға шығып отырғанын айтты.
«Барлық ғылымдар өзара байланысты, көптеген жаңалықтар олардың тоғысуынан пайда болады. Осы оқу орнының қабырғасында ғылым дамуға тиіс, бізге жан-жақты ғалымдар қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Елбасы жиналғандарды оқу орнының жаңа ғимаратының ашылуымен құттықтап, алға қойған мақсаттарына жетуіне тілектестік білдірді.
Медицина мектебінің ғимараты 9 қабаттан тұрады, жалпы көлемі – 39 825 шаршы метр. Онда ғылыми және оқу зертханалары, симуляциялық орталық, анатомиялық зертхана, лекция залдары мен топтық сабақ алуға және кеңсеге арналған бөлмелер, кітапхана, асхана бар.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері