- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 2016 жылы 19,6 млрд теңге әлеуметтік төлемдер аударылған
ОҚО-да 2016 жылы 19,6 млрд теңге әлеуметтік төлемдер аударылған
Директор орынбасарының айтуынша, 2016 жылдың 12 айы ішінде республикалық бюджеттен 19,6 млрд теңге бөлініп, нәтижесінде, 943478 төлем түрін қаржыландыру мүмкін болған.
«Атап айтқанда, оның ішінде, зейнетақы төлемдері 222938-ді құрса, мүгедектігіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы 100616, асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы 24436, жасына байланысты әлеуметтік жәрдемақы 700, №1, №2 тізім бойынша ерекше ауыр және ауыр жұмыстардағы еңбек өтіліне сәйкес төленгені бар», - деді ол.
Арнайы мемлекеттік жәрдемақы 1991, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы 292343, мүгедек баланың тәрбиешісіне берілетін әлеуметтік жәрдемақы 17606, 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәлдемақы 41838, бала туылуына байланысты біржолғы жәрдемақы 8183, реггрестік төлем 113-ті құраған.
«2016 жылы Мемлекеттік Әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер саны 63767-ні құрады. Ал оларды төлеу үшін Қордан бөлінген қаржының мөлшері 16,5 млрд. теңге болды», - деді Н.Қаражанова.
Сонымен қатар, былтыр «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы ОҚО бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомоствоаралық есептеу орталығы» департаментінде бірнеше композиттік қызмет түрлері енгізілген.
Мәселен, жаңа өзгерістерге сәйкес, бұдан былай азаматтар мүгедектік топтары бойынша тағайындау және төлеу үшін құжаттарды Медициналық әлеуметтік сараптама мекемесіне арызын өткізу арқылы бірден үш қызмет түрін ала алады.
Ал бала босанған аналар жаңа туылған баланы тіркеу, бала босануына байланысты біржолғы жәрдемақы, ай сайынғы 1 жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақы, бала бақшаға кезекке тұру үшін өтініштерді Медициналық мекемеде копозиттік қызметтің төрт түрін алу мүмкіндігіне қол жеткізуде.
Сондай-ақ, азаматтар жұмысын жоғалтқан жағдайда, егер ол әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болса, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барып жұмыссыз статусын алу барысында жұмысын жоғалту жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішін өткізіп, екі қызмет түрін ала алады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері