• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Франция Елшісімен кездесті

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Франция Елшісімен кездесті

12 Желтоқсан, 2013 17:07
Бүгін, 12 желтоқсанын Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы Алихан Байменов және Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьеннің арасында кездесу өтті, деп агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тараптар екі-жақты ынтымақтастықтың даму мәселелерін, Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб шеңберіндегі көп жақты  әрекеттестікті талқылады, сонымен қатар ынтымақтастықты тереңдету бойынша нақты іс-шараларды белгіледі», - делінген хабарламада.

Франсис Этьен мемлекеттік қызметтің жаңа моделіне қызығушылығын білдірді және Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын белгіледі.

Барлық жаңалықтар