- Басты
- Жаңалықтар
- Кездесуге қатысушылар Астанада Сирия бойынша келіссөздер өткізу мүмкіндігі үшін ҚР Президентіне алғыс білдірді
Кездесуге қатысушылар Астанада Сирия бойынша келіссөздер өткізу мүмкіндігі үшін ҚР Президентіне алғыс білдірді
«Астанада өткен Сирия бойынша халықаралық кездесу БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2254 қарары талап ететіндей үкімет пен оппозиция арасындағы тікелей сұхбаттасу үшін тиімді тұғырнама болып табылады. Біз қарулы оппозиция топтарының 2017 жылғы 8 ақпанда Женевада БҰҰ қарауымен үкімет пен оппозиция арасында өтетін келесі келіссөздерге қатысуға ниетін қолдаймыз», - делінген ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов оқыған сириялық реттеу жөніндегі келіссөздердің қорытындылары бойынша Ресей, Түркия және Иранның мәлімдемесінде.
Астаналық тұғырнамада сириялық реттеу бойынша одан әрі белсенді ынтымақтастық жасау туралы шешім қабылданғаны атап өтілді.
«Біз халықаралық қоғамның барлық мүшелерін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2254 қарарымен келісілген барлық іс-шараларды іске асыра отырып, саяси процесті қолдауға шақырамыз. Біз жаһандық процестерге өз үлесімізді қосу және 2254 қарарын іске асыру үшін сириялық саяси процесті қамтамасыз ету үшін БҰҰ құптауымен астаналық тұғырнамада белсенді ынтымақтастық жасау туралы шешім қабылдадық. Астанада Сирия бойынша халықаралық кездесу өткізу мүмкіндігі үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және жалпы Қазақстанға алғыс білдіреміз», - делінген мәлімдемеде.
Құжатта үш елдің делегациясы 23-24 қаңтарда Астанада Сирия Араб Республикасының үкіметі мен қарулы оппозиция арасында келіссөздердің басталғанын құптайтыны туралы айтылған.
«Біз осы келіссөздерге Қазақстанның және БҰҰ Сирия бойынша арнайы елшісінің қатысуын бағалаймыз және мульти этникалық, көпконфессионалды ел ретінде Сирия Араб Республикасының егемендігі мен біртұтастығы идеясын ұстанатынымызды растаймыз. Бұл мәселенің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2354 қарарын іске асыру негізінде саяси процеспен ғана шешілетініне сенімдіміз. Cоғысты тоқтату режиміне толық сәйкестікті, арандатушылықтың болмауын және басқа сұрақтарды қадағалауы тиіс үшжақты механизм құру туралы шешім қабылданды», - деп оқыды Қайрат Әбдірахманов.
Қайрат Жандыбаев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі