- Басты
- 140 мыңнан астам қазақстандық мүлікті жария ету акциясының мүмкіндігін пайдаланды (ФОТО)
140 мыңнан астам қазақстандық мүлікті жария ету акциясының мүмкіндігін пайдаланды (ФОТО)

«Мүлікті жария етудің қорытындысы бойынша акцияның мүмкіндіктерін елдің 140 мыңнан астам азаматы пайдаланды. Барлығы 5,7 трлн. теңгеге активтер заңдастырылды, оның ішінде ақшалай – 4,1 трлн. теңге және мүлік 1,6 трлн. теңгені құрайды», - деді Е.Сағнаев.
Жылжымайтын мүліктің 151 мыңға жуық объектісі, сондай-ақ заңды тұлғалардағы қатысудың 213 үлесі жария етілді.
«Ақшаны жария ету үшін барлығы 11 821 шот ашылды.Елдің ішіндегі активтер 5 трлн. теңгеге, шетелдегі 700 млрд. теңгеге жақын, олардың 614 млрд. теңгесі ақшамен, 70 млрд. теңгесі мүлікпен жария етілді», - деді ол.
Басқарма жетекшісі атап өткендей, заңдастыру көлемі бойынша көш бастап тұрған Алматы қаласы – 3 трлн теңге, Астана – 533 млрд теңге және Алматы облысы – 390 млрд теңге.
«Ел ішінде заңдастырылған активтер құны 5 трлн теңгені құрады, шетелдік – 700 млрд теңге, оның ішінде ақшалайы 614 млрд теңге, мүлік – 70 млрд теңгені құрады. Ақшаны заңдастыру үшін 11 821 есеп ашылды», - деді Е.Сағнаев.
Оның айтуынша, 151 мүлік нысаны заңдастырылды.
«Заңдастырылған 151 мың мүлік нысаны ішінде есепке коммерциялық ретінде 9,5 мыңы тіркелді. Бұл үрдістен біз жыл сайын салықтың 800 млн теңгеге артқанын байқадық. Заңдастыруға 4,1 трлн теңгені тарту елдің ішкі өнім көлемінің өсуіне әсер етеді», - деді Е.Сағнаев.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2016 жылдары 138 нысан жекешелендіруге жоспарланды. Іс жүзінде 121 нысан сатуға қойылды, оның 97-сі сатылды. Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша Ағымдағы жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша сатуға жоспарланған 148 нысанның 131-і сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 71 нысан сатылды.
Қайрат Жандыбаев
Сурет: Азамат Әлиев
-
А.Райымқұлова: Құжат - ЮНЕСКО жүйесiнде Қазақстанның бастамаларын iске асыруға ықпал етпек
-
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
Заңнамадағы жаңа түзетулер: Студенттерге мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді
-
Халықты ауыз сумен қамту: Заң жобасына қандай өзгерістер мен түзетулер енгізілді
-
Қазақстан халық партиясы депутаттар тізімін жариялады
-
ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады
-
Парламент Мәжілісі депутаттына ҚХА кандидаттарына дауыс беру нәтижесі жарияланды
-
Сарапшылар пікірі: «Саяси реформа жасалып, халықтың уәжі жоғары жаққа жетуі тиіс»
-
COVID-19: Ұлыбританияда қайтадан локдаун, Токио төтенше жағдай жарияламақ
-
Сайлаудың әділ өтуін бақылайтын хартия жарияланды
-
1 млн қазақстандық зейнетақы қорындағы қаражатын шеше алады
-
Қазақстанда 858 мыңнан астам адам АӘК алды
-
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады
-
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді
-
Қазақстандықтар балкондарға туды ілді

