- Басты
- Жаңалықтар
- И.Тасмағамбетов Қазақстанда балалар ауылының 20 жылдығын атап өтуге қолдау көрсетуді тапсырды
И.Тасмағамбетов Қазақстанда балалар ауылының 20 жылдығын атап өтуге қолдау көрсетуді тапсырды
Кеңес жұмысына «Қазақстандағы SOS балалар ауылы» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Серік Сейдуманов, Алматы, Астана және Қарағанды облыстары әкімдерінің орынбасарлары қатысты, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі орынбасарының хатшылығы.
Биылғы жылы «Қазақстандағы SOS балалар ауылына» 20 жыл толады. Алғашқы отбасылық балалар үйі 90-шы жылдары құрылды.
Биылдан бастап Теміртау қаласындағы SOS балалар ауылындағы ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мен жетімдерді 100 пайыз қаржыландыру жүзеге асырылуда. Ал, Алматы қаласында балалар ауылын жергілікті бюджеттен қаржыландыру үшін әкімдік оның меншік формасын өзгерту қажет деп санайды.
Бұған дейін SOS балалар ауылындағы ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мен жетім балаларды 100 пайыз мемлекет есебінен қаржыландыру мәселесі көтерілген еді. Нәтижесінде 2015 жылы жергілікті атқарушы органдарға 2020 жылға қарай біртіндеп SOS балалар ауылындағы ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мен жетім балаларды күтуді толық қаржыландыруды қамтамасыз ету ұсынылды.
Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер И. Тасмағамбетов Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды облысы әкімдіктеріне «Қазақстандағы SOS балалар ауылы» корпоративтік қорының 20 жылдығын өткізу және дайындауға қолдау көрсетуді тапсырды.
Сондай-ақ, 2020 жылға дейін SOS балалар ауылдарындағы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды толық мемлекеттік қаржыландыруға кезең-кезеңмен көшіру және тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігін атады.
Сонымен қатар, балалар үйлері тәрбиеленушілерінің отбасыда өмір сүру және тәрбиелену құқығын толық іске асыруға мүмкіндік беретін балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін орналастырудың «баланы қабылдайтын отбасы» жаңа нысанын енгізу, сондай-ақ, балалар ауылдарының нысанын қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталықтары ретінде қайта құруды қарастыру ұсынылды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады