• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан экспорт көлемі бойынша әлемдік экспорттаушылардың арасында 40 орында

Қазақстан экспорт көлемі бойынша әлемдік экспорттаушылардың арасында 40 орында

12 Желтоқсан, 2013 16:57
Бүгін Қазақстан экспорт көлемі бойынша әлемдік экспорттаушылардың арасында 40 орынды иеленді, деп Kaznex Invest Экспорт және инвестиция Ұлттық агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан экспорт көлемі бойынша әлемдік экспорттаушылардың арасында 40 орынды иемденіп отыр. Экспорт географиясы — әлемнің 120 елі, соның ішінде дайын өнім 111 елге жеткізіледі», - делінген хабарламада.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Kaznex Invest агенттігімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық экспорттық стратегиясын (ҰЭС) әзірлеумен айналысып жатыр.

ҮИИДМБ екінші бесжылдығы өнімнің қосымша құнын арттыруға және еліміздің экономикасының интернационализация деңгейін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін қатаң бәсекелестік алдан күтіп тұр. Осының бәрі қазақстандық кәсіпорындарға тауарлар мен қызметтер жеткізудегі белгілі «тауашаларды» өздері иеленіп, бұрынғыдан да белсендірек түрде сыртық нарықтарды меңгеруге мүмкіндік беретін Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеу қажеттігін көрсетіп тұр.

ҰЭС міндеттері: шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру; экспорттың тауарлық әртараптандырылуын кеңейту; экспорт қызметі барысын бұрынғыдан да тиімдірек басқару мақсатында әлемдік саудадағы болашақ үрдістерге болжам жасау; экспортты қолдаудың жалпыұлттық жүйесін құру; еліміздің жаөандық бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.

 
Барлық жаңалықтар