- Басты
- Н.Назарбаев: Парламенттің Үкіметке қатысты рөлі қайта қаралуы тиіс
Н.Назарбаев: Парламенттің Үкіметке қатысты рөлі қайта қаралуы тиіс

Нұрсұлтан Назарбаев отырыста мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі республика дамуының жүйелі және заңды кезеңі болып табылатынын атап өтті.
« Мен ұсынған бес институционалдық реформаның бірін іске асыру Үкіметке экономика саласында қосымша атқарушылық өкілеттіктер беруді көздейді. Бұл орайда қорғаныс қабілетінің, сыртқы саясаттың, мемлекеттік басқарудың, Конституцияны қорғаудың және мемлекеттік билік тармақтары арасында тиімді жұмысты қамтамасыз етудің негізгі мәселелері Президенттің құзырында қала береді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы әуел бастан Қазақстан Президентінің ерекше құзырына жатқызылған өкілеттіктер санының азаятынына назар аударды.
«Мысалы, бағдарламаларды бекіту, Үкіметтегі кадрлық өзгерістер мәселелері, жаңа басқару органдарын құру Үкімет пен Парламенттің құзырына берілуі мүмкін», – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті мемлекеттік басқару жүйесінде Парламенттің рөлін пәрменді түрде қажеттігін атап өтті.
«Біздің жағдайда Үкімет жеңіске жеткен партиядан немесе фракциядан жасақталады. Осылайша, көптеген мәселелер бойынша Парламенттің Үкіметке қатысты рөлі қайта қаралуға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.
Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіліп отырған реформалар мен олардың сәтті іске асырылуына мемлекеттік органдардың жауапкершілігі мәселесіне арнайы тоқталды.
Жұмыс тобының жетекшісі Елбасыға мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөнінде әзірленген ұсыныстар туралы баяндады.
Алға қойылған міндетке сәйкес үш бағыт бойынша ұсыныстар әзірленді.
Бірінші. Конституцияға өзгерістер енгізуді қажет етпейтін, Мемлекет басшысының заңмен белгіленген өкілеттіктерін қайта бөлу жөніндегі ұсыныстар. Бұған қатысты мемлекеттік органдардың ұсыныстары жүйеленді. Жалпы, ұсыныстар әлеуметтік-экономикалық сала мәселелері реттелетін өкілеттіктерге қатысты. Олар – экономиканы, қаржыны, мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері, әкімшілік-аумақтық құрылымның жекелеген мәселелерін шешуге байланысты өкілеттіктер.
Екінші. Жоғарғы Сот пен Бас прокуратура сот және құқық қорғау жүйесінің қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар берді. Олар да Конституцияға өзгерістер енгізуді қажет етпейді. Бұл сот бақылауын күшейтуге, прокурорлардың азаматтық және әкімшілік процеске қатысуын одан әрі шектеуге қатысты ұсыныстар. Барлығы сот-құқықтық сала бойынша конституциялық өзгерістерді қажет етпейтін 13 ұсыныс жасалды.
Үшінші. Жұмыс тобы Конституция нормаларын түзетуді көздейтін 40-қа жуық ұсынысты жеке қарады. Бұл мәселеде депутаттық корпус, ғылыми-сарапшылық қауым белсенділік танытты. Енгізілген ұсыныстар Парламент пен оның палаталарының өкілеттіктерін кеңейтуді көздейді, соның ішінде олар Үкімет құрамын жасақтауға да қатысты. Сонымен қатар Үкіметтің Парламент пен оның палаталары алдындағы есептілігін күшейту ұсынылды.
Бұған қоса, Үкіметтің дербестігі мен жауапкершілігін күшейту жөнінде ұсыныстар келіп түсті. Сот-құқық саласын жаңғыртуға бағытталған ұсыныстардың да бір бөлігі Конституцияны өзгерту мәселесімен байланысты. Атап айтқанда, ол Жоғарғы Соттың мәртебесі мен функцияларын нақтылау мүмкіндігіне және судьяларға қойылатын талаптарды анықтауға қатысты. Прокуратура органдарының мәртебесі мен өкілеттігін анықтайтын нормаларға түзету енгізу ұсынылды. Конституциялық бақылау тетігін жетілдіру туралы ұсыныстар енгізілді.
Осылайша, Сіздің қарауыңызға Конституцияны өзгертпей, заңнамамен белгіленген өкілеттіктерді қайта бөлуді көздейтін базалық ұстанымдар енгізіліп отыр.
Сондай-ақ, Конституция нормаларына бірінші кезекте Парламенттің өкілеттігін кеңейтуге, сонымен бірге Үкіметтің дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуге бағытталған өзгерістер енгізу мүмкіндігі жөнінде ұстанымдар әзірленіп, Сіздің қарауыңызға ұсынылып отыр, – деді Ә.Жақсыбеков.
Жұмыс тобының мүшесі З.Федотова ұсынылған түзетулердің сындарлы сипатына тоқталды.
«Біз негізінен Үкімет иеленуге тиісті ұйымдастыру-атқару функцияларын беріп жатырмыз. Бұл – Үкіметтің де жауапкершілігі. Парламенттің жұмысына қатысты алсақ, біз Мәжілістің көп жағдайда келісім беру жөніндегі өкілеттікке ие екенін көріп отырмыз», – деді Мемлекеттік басқару академиясының профессоры.
Сонымен қатар, жұмыс тобының мүшесі М.Бекетаев Президенттің өкілеттігі бекітілген нормаларды анықтау жөніндегі Үкімет жүргізген талдауды жариялады.
«11 конституциялық заңға, 20 кодекс пен 298 заңға талдау жасалды. 11 кодекс пен 80 заңда Президенттің өкілеттігін белгілейтін нормалар қарастырылған. Үкімет жұмыс тобымен бірлесіп, Мемлекет басшысының өкілеттігін қайта бөлу жөнінде 32 ұсыныс әзірледі. Бұл ұсыныстар Конституцияға өзгерістер енгізбей-ақ, басқа заңдарға өзгерістер енгізуді көздейді», – деді Әділет министрі.
Сондай-ақ, «Қазақстанның заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы жүргізілген талдаудың негізінде барлық филиалдарда талқылаулар өтіп жатқанын айтты.
«Заңгерлер қауымы жүргізіліп жатқан реформаның өзектілігі мен дер кезінде жасалып жатқанын айтып, оған қолдау білдіруде», – деді Р.Мұқашев.
Сонымен бірге отырыста жұмыс тобының басқа да мүшелері сөз сөйледі.
-
Дариға Назарбаева «Таңғажайып әуен» қайырымдылық фестиваліне қатысты
Сенат Төрағасы, «Дегдар» гуманитарлық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева Урюпинск балалар үйінің 90 баласы мен Оқушылар сарайының тәрбиеленушілеріне арналған «Таңғажайып әуен» фестивалі аясындағы Open space шарасына қатысты.
05 Желтоқсан 2019, 09:52
-
Сенатор Ольга Перепечина ДСҰ мәселелері бойынша семинарға қатысты
Парламент Сенатының депутаты Ольга Перепечина «Көпжақты келіссөздер орталығы» дүниежүзілік экономикалық форумының Женева қаласындағы штаб-пәтері алаңында Дүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері жөніндегі семинарға қатысты.
04 Желтоқсан 2019, 11:14
-
Қостанай облысында 24 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қостанай облысында 24 561 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 16 305 адам жұмысқа орналастырылса, оның 13 287-сі немесе 81,5% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
03 Желтоқсан 2019, 13:30
-
Президенттік институттың ел тағдырындағы рөлі қандай
Елордада «Президенттік институт: қазақстандық модель» ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған халықаралық парламенттік конференция өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
27 Қараша 2019, 15:27
-
Қарағанды облысында 43 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында 43 853 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 33 901 адам жұмысқа орналастырылса, оның 30 621-і немесе 90% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
27 Қараша 2019, 09:50
-
Еңбек қатынастарын реттеуге қатысты заң жобасына түзетулер енгізіледі
Еңбек қатынастарын реттеуге қатысты заң жобасына түзетулер енгізіледі. Бұл туралы үкіметтің кезекті отырысында баяндама жасаған ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
26 Қараша 2019, 11:05
-
СІМ өкілі Гонконгта ұсталған қазақстандық студентке қатысты пікір білдірді
18 қарашада Гоконгтағы наразылық кезінде Баптист университетінің бірінші курс студенті Нүкпи Әбілқайыр жергілікті полициямен ұсталған еді. Бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров журналистерге берген сұхбатында қазақстандық студенттің жағдайы тұрақты екендігін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
25 Қараша 2019, 17:12
-
ҚР Парламенті Сенаты допингке қатысты заң жобасын мақұлдады
ҚР Парламенті Сенаты «ҚР Спорт және дене шынықтыру туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар туралы» заң жобасын екі оқылымда қабылдады. Заң жобасы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуға, Ұлттық допингке қарсы ұйымның мәртебесін күшейтуге бағытталған.
21 Қараша 2019, 16:13
-
БҚО-да 23 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында 23 346 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 14 748 адам жұмысқа орналастырылса, оның 9 978-і немесе 68% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
19 Қараша 2019, 16:26
-
Ә.Смайылов ЕЭК кеңесінің отырысына қатысты
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
19 Қараша 2019, 09:12
-
Жамбыл облысында 30 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты
2019 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысында 30 304 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 23 793 адам жұмысқа орналастырылса, оның 17 842-сі немесе 75% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
14 Қараша 2019, 10:18
-
Д.Абаев: Мәдениет пен білім саласындағы телеарналарды мемлекет қолдауы тиіс
Мәдениет пен білім саласындағы телеарналарды мемлекет қолдауы тиіс. Бұл туралы елордадағы "Нұр Отан" партиясы алаңында ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев азаматтарды қабылдап, көкейде жүрген сұрақтарына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
08 Қараша 2019, 14:57
-
Н. Нығматулин: Қаржы халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсалуға тиіс
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинннің төрағалығымен өтіп жатқан жалпы отырыста мемлекетіміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды.
06 Қараша 2019, 15:01
-
ШҚО-да "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына 30 мыңнан астам адам қатысты
Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 30 866 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. 20 171 адам жұмысқа орналастырылды, оның 14 332-сі немесе 71% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
05 Қараша 2019, 10:23
-
Д.Назарбаева: Елдің басқару жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқару толыққанды әрі күшті буын болуы тиіс
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
01 Қараша 2019, 18:38
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды