- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Сағынтаев қазақстандық көмір экспортын ұлғайтуды тапсырды
Б. Сағынтаев қазақстандық көмір экспортын ұлғайтуды тапсырды
Үкімет отырысы барысында Қазақстанның көмір химиясы саласының жай-күйі туралы есеп, сондай-ақ оны одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар тыңдалды. ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Павлодар облысының әкімі Б. Бақауовты, Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібековті, Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының директоры Н. Радостовецті, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Р. Сүлеймановты, Көмір химиясы және технологиялары институтының директоры Б. Ермағамбетовты тыңдады.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин осы саладағы, оның ішінде көршілес елдердің нарықтарында орын алып отырған құбылыстарды ескеру қажеттігін атап өтті.
«Бізге жаңа нарықтар бойынша қарау керек, осыған байланысты жаңа логистика, тиімді логистикалық шешімдер, мұның бәрі экспорттық әлеуетімізді жоғалтып алмауымыз үшін жұмыс істеуі тиіс», - деді А. Мамин.
Премьер-Министр мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша өзінің бірінші орынбасары А. Маминге аталған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеп, бұл жұмысты жалпы үйлестіруді жүзеге асыруды тапсырды. Сондай-ақ Б. Сағынтаев көмір өндірілетін орындарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне назар аудару қажеттігін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді