• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2013 жылы «Экспорт-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерліктердің 181 млн теңге шығынының орны толтырылды

2013 жылы «Экспорт-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерліктердің 181 млн теңге шығынының орны толтырылды

12 Желтоқсан, 2013 16:49
«Экспорт-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 51 кәсіпкерліктің 181 млн теңге көлеміндегі шығынының орны толтырылды, деп хабарлайды Kaznex Invest Ұлттық экспорт және инвестиция агенттігінің баспасөз қызметі.

«ҮИИД бағдарламасының басты мақсаттарының бірі - отандық компаниялардың сыртқы нарықтарға шығуын ынталандыру. Осы мақсатта арнайы «Экспорт-2020» бағдарламасы қабылданды, оның операторы - Kaznex Invest экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, экспортты қолдау құралдары ретінде 2013 жылы Kaznex Invest экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі Белоруссияға, Ресейге, Украинаға, Қытайға, Грузияға, Қырғызстанға 81 отандық өнім өндірушілер қатысқан 6 сауда миссиясын ұйымдастырды.

Kaznex Invest жұмыс істеп жатқан экспорттаушылардың және экспорттық әлеуеті бар кәсіпорындардың халықаралық мамандандырылған көрмелерге қатысуын ұйымдастырады. Осы жылы 37 қазақстандық компания (химия, құрылыс, азық-түлік, металлургия, текстиль, машина жасау, электр техникасы, фармацевтика салалары) 25 халықаралық мамандандырылған көрмелерге қатысты. Нәтижесінде Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Әзірбайжан, Қырғызстан нарықтарына 27,8 млн. АҚШ долларынан астам сомаға экспорттық келісімшарттар жасалды.

2013 жылы «Бакарассов» концерні, «Мұнай-аспап», «Сольтрест», «Сұлтан-маркетинг», «Корона Экспорт», «Кублей», Rixos Lake Borovoe, «Саят» және т. б., барлығы 48 тауар таңбасы Жапонияда, Ресейде, Венгрияда, Ауғаныстанда, Түркияда, Германияда, БАӘ, ҚХР таныстырылды.

 Кәсіпорындар сыртқы нарықтарға шығу кезінде орын алған шығындардың 50% өтеу механизмі Қазақстанда алғаш рет 2010 жылы енгізілді. Өтеуді алуға өтінімдерді мемлекеттік көмекті алушылар туралы шешімді қабылдайтын мекемеаралық комиссия қабылдайды. 2013 жылдың нәтижелері бойынша 181 млн. теңге сомасына 51 кәсіпорынның шығындары өтелді.

Бүгінде Қазақстан экспорт көлемі бойынша әлемдік экспорттаушылардың арасында 40 орынды иемденіп отыр. Экспорт географиясы - әлемнің 120 елі, соның ішінде дайын өнім 111 елге жеткізіледі.


 

 

Барлық жаңалықтар