- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 169 медициналық мекеме аккредиттеуден өтті
Қазақстанда 169 медициналық мекеме аккредиттеуден өтті
Былтыр бұл ерікті шарадан өтуге 180 медициналық мекеме өтінім берген. Олар негізінен бастапқы медициналық –санитарлық көмек көрсететін мекемелер, аудандық, ауылдық деңгейдегі медициналық мекемелер бар. Аккредиттеуге қатысқандардың 96-сы (52,5%) мемлекеттік, 84-і (47,5%) жекеменшік.
Өтінімдердің басым бөлігі- 18%-ы (32) Алматы қаласынан. Қызылорда облысынан (14- 9%), Қарағанды облысынан (14 – 8%), Қостанай облысынан (14 ММ – 8%). Ең аз өтінім Солтүстік Қазақстан облысынан (2 ММ-1%).
«ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің бұйрығына сәйкес мекемелердің жұмысына сыртқы кешенді бағалауға 34 сараптамалық топ қатысты», - делінген хабарламада.
Оның құрамына арнайы дайындықтан өткен 68 сарапшы мен медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аймақтық департаменттерінің 39 қызметкері болды. Аккредиттеу 14 облыс пен Алматы, Астана қалаларында өтті, деп хабарламада Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы.
Еліміздің түрлі аймақтарынан 11 медициналық ұйым (6,1%) аккредиттеуден өткен жоқ. Осылайша республика бойынша 169 медициналық мекеме (93,9%) акредиттеуден сәтті өтті. Оның 94-імемлекеттік, 75-і жеке медициналық мекемелер.
Аккредиттеу медициналық ұйымның сапа стандарттарына сәйкестігін айғақтайды және пациенттердің сапалы ем алуына ықпал етеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті