- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Ермекбаев: Қазақстандық бизнес мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдармен белсендірек жұмыс жасауы керек (ФОТО)
Н.Ермекбаев: Қазақстандық бизнес мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдармен белсендірек жұмыс жасауы керек (ФОТО)
Министр мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл орнатуын жалғастыратынын, алайда серіктестік пен бизнеске белсендірек тарту талап етілетінін айтты. Осы орайда тиімді үшжақты серіктестік жүйесін орнату қажет.
Бүгінде ҚР-да осындай өзара іс-қимылға арналған жаңа алаң бар – бұл Азаматтық бастамаларға қолдау көрсету орталығы. Орталық қызметі аясында бизнес ҮЕҰ-ға түрлі гранттар бере алар еді, соған байланысты арнайы орындарда бизнестің ҮЕҰ-мен әлеуметтік серіктестікке қатысуына мониторинг жүйесін ұйымдастыру өте маңызды.
Жалпы, мемлекеттің ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасасу деңгейін әрі қарай арттыру мақсатында бірқатар жүйелік шараларды іске асыру ұсынылады.
Мысалға, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға бірлескен жобаларының тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерінің сапасын арттыру бағытында жұмыстар атқарып, жобалардың тақырыптамаларын қалыптастыру үдерісіне ҮЕҰ-ды белсендірек тарту керек, сонымен қатар, әлеуметтік жобалардың салалық бағыттылығын кеңейту қажет.
Министрлік азаматтық сектор мәселелері жөніндегі қолданыстағы нормативтік базаны тексерумен айналысуда. Анықталған кемшіліктерді ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін қалыптастыру, бақылау және бағалаудың, ҮЕҰ қызметтерін стандарттаудың нақты құқықтық тетіктерін әзірлеу жоспарлануда.
Сонымен қатар, ҮЕҰ-мен бірге Грант беру ережелеріне өзгерістер әзірленіп жатыр. Орталық мемлекеттік органдарды тақырыптамалар мен қаржыландыру көлемін қалыптастыруға тарту, ал жергілікті атқарушы органдарға өңірлік ҮЕҰ үшін гранттық қаржыландыру құқығын бөліп беру ұсынылуда.
Министр ҮЕҰ-дың шағын қалалар мен ауылдардағы тұрақтылығына ол жерлерде ақпараттық-ресурстық орталықтардың қызметін ұйымдастыру арқылы қол жеткізуге болатынын айтып өтті. ҮЕҰ сарапшыларының пікірінше, облыс орталықтарында, Астана, Алматы қалаларында ҮЕҰ мен бастама білдіруші азаматтар үшін қызметтердің кең спектрін ұсынатын консалтингтік орталықтар құру қажет. Осы орайда әкімдіктерге «бір терезе» қағидасы бойынша Азаматтық орталықтар ашу үшін бос ғимарат тауып беру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Олардың қызметін үйлестіру Азаматтық бастамаларға қолдау көрсету орталығының тарапынан жүргізілуі мүмкін.
Бұдан өзге, бизнес-қоғамдастықтарды әлеуметтік серіктестікке кеңінен тарту үшін мемлекет, бизнес және «АСАР» ҮЕҰ арасында үшжақты алаң құру ұсынылады. Форум форматын еліміздің түрлі өңірлерінде жыл сайынғы негізде өткізу қажет. Аталған алаңның басым бағыттарының бірі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту болады.
Сурет: Шыңғыс Қаппаров
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды