• Басты
  • ТҮРКСОЙ: Түркістан Түркі әлемінің тұтастығын тереңдетеді (ФОТО)
23 Қаңтар, 2017 20:57

ТҮРКСОЙ: Түркістан Түркі әлемінің тұтастығын тереңдетеді (ФОТО)

Оңтүстік Қазақстан облысында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарына үш жақты қол қою рәсімі өтті, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

ТҮРКСОЙ: Түркістан Түркі әлемінің тұтастығын тереңдетеді (ФОТО) | Strategy2050.kz

Шараға өңір басшысы Жансейіт Түймебаев пен ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті директорының міндетін атқарушы Алмаз Нұразхан қатысты.

Өткен жылдың 1 желтоқсанында Әзірбайжанның Шеки қаласында ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысы өткен болатын. Аталған жиынға ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрліктері, мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ Түркі Кеңесі, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы, Халықаралық Түркі Академиясы, Түркі мәдени мирас қоры секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Халықаралық кеңесте Қазақстан Республикасының Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешім қабылданды.

«Елімізде алдымен Астана қаласының, енді ер түріктің бесігі болған Түркістан шаһарының осындай марапатқа ие болуы еліміз үшін үлкен мәртебе, үлкен құрмет. Бұл – бізге мәдениетімізді, әдебетімізді, ұлттық өнерімізді әлемге танытуға берілген үлкен мүмкіндік» деген Жансейіт Қансейітұлы ТҮРКСОЙ ұйымына алғысын білдірді. Оңтүстікқазақстандықтарды ауқымды іс-шараға атсалысуға шақырып, «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында ұйымдастырылатын халықаралық іс-шаралар барысын баяндады.

Наурыз айынан бастап Түркістан қаласында аталған шараның салтанатты ашылуы мен ТҮРКСОЙ Баспасөз сыйлығын тапсыру рәсімі,  Ұлыстың ұлы күні – Наурыз тойы мерекеленіп, түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында  түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, түбі түркі тілдес халықтар театр, опера, цирк, би, сатира, дәстүрлі өнер және анимациялық фильмдердің фестивалі өткізіледі.  Сонымен қатар, ақындар айтысы, «Ұлы дала сазы» атты дәстүрлі музыка фестивальі, түркі мемлекеттері әйелдерінің форумы, суретшілердің кездесуі, қолөнер шеберлерінің фестивалі, әдеби журналдары редакторларының конгресі, ақын-жазушылармен кездесулер өткізіліп, кітап көрмелері сынды көптеген игі іс-шаралар өткізіледі.

Мәңгілік Ел идеясын ұстанған Ұлы дала Елінің шаһары, Түркі елдерінің мәдени астанасы атанған Түркістан осы серпінді жоба аясында төрткүл дүниеге танылып, туристердің көп шоғырланатын аймағына айналады.

Үш жақты меморандумға қол қойылғаннан кейін басшылар брифинг өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды