• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2013 жылдың 11 айы бойынша Бас прокуратура миллионнан артық арыз-шағымды қарастырды

2013 жылдың 11 айы бойынша Бас прокуратура миллионнан артық арыз-шағымды қарастырды

12 Желтоқсан, 2013 16:30
ҚР-да ағымдағы жылдың 11 айы бойынша Бас прокуратура миллионнан артық арыз-шағымды қарастырды, деп Бұл жөнінде бүгін Бас прокуратура жанындағы заңдылықты қамтамасыз етужөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.

«Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» халыққа Жолдауында ең негізгі бағыттардың бірі құқық қорғау органдарының қоғам алдынада беделі мен сенімділігін арттыруы тілге тиек етілген. Тұрақты шешім алу бұл конституциялық құқыққа ғана емес, мемлекеттік органдардың арасында қарым-қатынасты орнатуға да үлкен септігін тигізеді. Прокуратура органдарының ең құзырлы міндеттерінің бірі жеке және заңды тұлғаларға заманауи көмек көрсету», - деді Бас прокурор.

«Статистика көрсетіп отырғандай, соңғы бес жыл ішінде прокуратура органдарына түсетін өтініш-шағымдар санының тұрақты өсуі сақталып отыр. Мәселен, 2008 жылмен салыстырғанда олардың саны үштен бірге өсті. Біз мұны халықтың прокуратура органдарына сенімі деп білеміз. Өтініш-шағымдардың көп бөлігі Бас прокуратураның өзіне келіп түседі», - деді Бас прокурор.

 «Прокуратура органдарына арыз-шағымдар азаматтар мен ұйымдардан ғана түспейді. Биылғы жылы Бас прокуратураға 4 мыңнан астам өтініш Президент Әкімшілігінен, 1,5 мыңнан астам арыз Парламент палаталарының депутаттары мен лауазымды тұлғаларынан, 360 мыңнан астам шағым «Нұр Отан» партиясынан және 200 мыңнан астам арыз-шағым адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтан келіп түсті», - деп хабарлады қоғамдық кеңес отырысында Асхат Дауылбаев.

Оның хабарлауынша, 2013 жылы прокуратура органдарына келіп түскен арыз-шағымдардың саны 28 мыңға жуықтаған.

«Олардың көп бөлігі, 41 пайыздан астамы бұл анықтау және тергеу органдарының әрекеті мен әрекетсіздігіне байланысты түскен арыз-шағымдар. 30 пайызға жуығын әлеуметтік-экономикалық саладағы мемлекеттік органдардың әрекетіне қатысты түскен өтініш-шағымдар құрайды. 15 пайызға жуығы сот актілеріне қатысты, 11 пайызы олардың орындалмауына байланысты жасалды», - деп хабарлады А.Дауылбаев.

 

 

Барлық жаңалықтар