- Басты
- Жаңалықтар
- Атырау облысында «Аңсаған» кен орнында жеңіл мұнай және газ шоғыры табылды
Атырау облысында «Аңсаған» кен орнында жеңіл мұнай және газ шоғыры табылды
ҚР ЭМ Баспасөз қызметі хабарлағандай, «Аңсаған» кен орны Атырау облысындағы Жылыой аумағында орналасқан, табылған мұнайлы-газды жазықтар Теңіз кен орнынан әлдеқайда тереңірек шоғырланған.
Кен орнының ықтимал қоры жоғары бағаланып отыр және жоспарланатын геологиялық барлау жұмыстарының үлкен көлемі көмірсутектерінің болжанып отырған ресурсын растауға бағытталады.
Аңсағандағы жеңіл мұнайдың жоғары дебитіне қол жеткізу аталған аумақтағы айтарлықтай тереңде орналасқан тұзды шоғырлардың ресурстық әлеуетін растайды.
Болашақта Аңсаған кен орнында бағалау жұмыстарын жүргізу, Мақсат, Прорва Глубокая және т.б. әлеуеті жоғары алаңдарда iздеу-барлау бұрғылауын орната отырып, егжей-тегжейлі сейсмикалық барлау зерттеулерімен расталған барлық келісімшарттық аумақтарда геологиялық барлау жұмыстарын кеңейту жоспарлануда.
2014 жылдың 24 ақпанында Атырау және Маңғыстау облыстарындағы кен орындарында тұзүсті құрылымдарын және учаскедегі кен орындарын қоспағанда, тұзасты шоғырларында көмірсутек шикізатын барлау жұмыстарын жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығына «Алмэкс Плюс» ЖШС-мен келісімшартқа қол қойылды.
Геологиялық жер бөлігінің ауданы 1460,01 шаршы км. құрайды, жер бөлігінің тереңдігі – тұзүсті шоғырлардың табанынан кристалды фундаменттің үстіне дейін.
Анықтама ретінде: «Алмэкс Плюс» ЖШС 2001 жылдың 5 шілдесінде құрылды, геологиялық жұмыстар 2014 жылы басталды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау