- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев сенаторлардың аймақтарға сапарларын қорытындылады
Қ.Тоқаев сенаторлардың аймақтарға сапарларын қорытындылады
Сенат Бюросының отырысында Төраға сайлаушылармен жұмыс бабындағы кездесулер нәтижелі болғанын, шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария етілгенін атап өтті.
«Ауылдар мен қалаларда депутаттар еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, маңызды мәселелер бойынша жұртшылық пікірлерімен танысты. Алдағы жұмыста бізге жергілікті тұрғындарды алаңдататын мәселелерді заңнамалық түрде шешу мүмкіндіктерін қарастырып, қажет болған жағдайда көтерілген мәселелерді уақытында шешуге ықпал ету үшін депутаттық сауалдарды тиісті мемлекеттік органдарға жіберуіміз керек», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.
2017 жылғы жұмысқа Бюро мүшелерінің назарын аудара отырып, Сенат басшысы Парламент алдағы уақытта маңызды қоғамдық-саяси бастамалар мен ауқымды шараларды іске асыратынын атап өтті.
Олардың ішінде, конституциялық заңдарға түзетулер енгізуге, салық және кеден, жер қойнауын пайдалану, жергілікті өзін-өзі басқару секілді маңызды салаларды реттейтін заңнамаға өзгерістер енгізуге бағытталған заң жобалары бар.
Биылғы жылғы тамыз айында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Хатшылығының кезекті отырысы мен Пагуош қозғалысының конференциясы болады.
Бюро мүшелері Сенаттың 26 қаңтарда болатын отырысының күн тәртібін келісті. Сенаторлар «Сот-сараптама қызметі туралы»заң жобасынжәне оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда қарайтын болды.
Депутаттар сондай-ақ жайылымдар туралы және заңнамаға жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша түзетулерді (екінші оқылымда) талқылайды.
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті Қазақстан Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстанда Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын одан әрі пысықтауда бас комитет болып белгіленді.
-
Көктемгі су тасқыны: алдын алу шаралары, су басқан аймақтарға көмек -
Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 2020 жылғы жұмысын қорытындылады -
Astana Hub тәжірибесін аймақтарға жеткізеді -
Асқар Мамин бірінші жартыжылдықты қорытындылады -
Ұлттық Паралимпиада Комитеті 4 жылдық нәтижелерін қорытындылады -
Дәурен Абаев Президент Жолдауының бір айлық нәтижесін қорытындылады -
Мәжіліс жылды қорытындылады -
Мәжіліс аймақтарға шықты: Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының тетіктерін түсіндіру (ШОЛУ) -
Нұрлан Нығматулин: депутаттардың аймақтарға сапары өте маңызды -
Мемлекет басшысы Сочидегі келіссөздерді қорытындылады -
БҰҰ ЭКСПО-2017 көрмесін қорытындылады -
Б.Әбдіғали: Жалпыұлттық құндылықтарды белгілі бір аймақтарға телуге болмайды -
Туристік аймақтарға апаратын автожолдар жөндеуден өткізіледі -
Сенат парламенттік сессияны қорытындылады -
Мәжіліс төрағасы жылды қорытындылады