- Басты
- Жаңалықтар
- Уақытша тіркеудің болмағаны үшін наурыздың ортасынан бастап айыппұл салына бастайды – ҚР ІІМ
Уақытша тіркеудің болмағаны үшін наурыздың ортасынан бастап айыппұл салына бастайды – ҚР ІІМ
Ол 7 қаңтарда Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске түзетулер енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенін айтты.
«Ішкі көшіп-қонушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен тұрғылықты жері бойынша және уақытша келген орны бойынша тіркелуге міндетті («Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңының 51-бабы), - деді С. Саинов.
Оның айтуы бойынша, азаматтарды тіркеу мәселелері бойынша әкімшілік шаралар жаңа Тіркеу қағидалары ресми жарияланғаннан кейін ғана қолданылады.
«Қазіргі уақытта Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша нормативтік жұмыс жүргізіліп жатыр. Жуық шамамен бұл биылғы жылғы наурыздың ортасы болмақ», - деп анықтады С. Саинов.
Республика бойынша 2017 жылғы 23 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының 433 706 азаматы тіркелген, оның ішінде тұрғылықты жері бойынша – 194 774 адам, уақытша тұрғылықты жері бойынша – 238 932 адам.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркеу мемлекеттік қызметі 3 627 азаматқа көрсетілген. Ағымдағы жылғы 17 қаңтардан бастап «электрондық үкімет» порталы арқылы уақытша тұрғылықты жері бойынша – 2938 адам, тұрақты тұрғылықты жері бойынша 689 адам тіркелген.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары