• Басты
  • Астана әуежайында депутаттар әуе кеңістігін пайдалану мен авиация қызметі мәселелерін талқылайды
23 Қаңтар, 2017 17:26

Астана әуежайында депутаттар әуе кеңістігін пайдалану мен авиация қызметі мәселелерін талқылайды

Астана әуежайында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаевтың төрағалығымен «Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бірқатар толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөніндегі» заң жобасын әзірлеуші жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігі.

Астана  әуежайында  депутаттар әуе кеңістігін  пайдалану  мен авиация  қызметі мәселелерін талқылайды | Strategy2050.kz

Көшпелі отырысқа ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары және мемлекеттік органдар мен әуекомпаниялардың өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта «Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бірқатар толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөніндегі» заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр.

Заң жобасының мақсаты алдағы уақытта Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы заңнамасын жетілдіру, авиация қызметін бақылау және қадағалауды жақсарту, әуе көлігі жүйесінің тиімділігін және әуе қызметтерінің сапасын арттыру, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сала мамандарының жауапкершілігін күшейту. Сонымен қатар, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандартына сай болу және ұлттық заңнамадан қарама-қайшылықтарды алып тастау мәселелері де қамтылған.

«Авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО-ның жоспарлы аудитінен сәтті өтуде негізгі критерилердің бірі мықты заңнамалық база болып табылады. Аудитке дайындалу аясында заң жобасына елеулі өзгерістер енгізілді. Атап айтар болсақ, мемлекеттік инспекторлардың құзыретін кеңейтуге  бағытталған, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту және әуежайлардағы авиациялық қауіпсіздік қызметі персоналдарына аттестация енгізу мәселелері бар», - деп атап өтті ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Альберт Рау.

Аталмыш отырыста тағы бірқатар мәселелер қаралды. Оның ішінде еліміздегі әуежайлардың даму перспективалары және ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне астана әуежайының дайындығы мәселелері бар.

Сонымен қатар, көшпелі отырысқа қатысушылар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жалпы ауданы 47 000 шаршы метр болатын жаңа жолаушылар терминалының құрылысымен танысты. Терминал құрылысы аяқталғаннан кейін күту залына бір уақытта 2 525 жолаушыға дейін сыятын болады. Бүгінгі күні әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Мұның алдында перронға жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жаңа бизнес-терминал пайдалануға берілген болатын.

Астана халықаралық әуежайы өндірістік көрсеткіші тұрғысынан Қазақстандағы екінші әуежай торабы болып саналады. Оңтүстік Шығыс Азия мен Батыс Еуропаны байланыстыруда Астана қаласының географиялық жағынан  Еуразиялық материктің дәл ортасында орналасуы трансферлік және транзиттік тасымал саласында авиацияны дамытуға зор мүмкіндік береді. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды