- Басты
- Жаңалықтар
- Әрбір ауыл азаматы ауыл шаруашылығы кооперациялары негіздері бойынша оқытылады – АШМ
Әрбір ауыл азаматы ауыл шаруашылығы кооперациялары негіздері бойынша оқытылады – АШМ
Қазіргі таңда, бұл бағыттағы насихат жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу үшін Министрлікте ведомства қызметкерлері мен ғылыми ұйымдар өкілдерінен құрылған сарапшылар тобы құрылды. Айталық, а.ж. 23 қаңтарынан бастап «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығы мен «Қазақ агроөнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ» ЖШС біріге отырып ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша бес күндік оқыту курстарын бастап кетті.
Аталған курстардың қорытындысы мен емтихандардан соң өңірлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізетін сарапшы топтар таңдап алынады. Сондай-ақ, бұл үдеріске пилоттық мәртебеде жұмыс жүргізіп жатқан Нұра ауданының 12 кооперативі мен өзге де құрылымдар қатысады.
Айта кетейік, АШМ аталған жұмыстар үшін өз қызметкерлерін даярлау үстінде.
Алға қойылған міндеттердің үдесінен шығу үшін а.ж. 30 қаңтарынан бастап еліміздің барлық аймақтарында ауыл тұрғындарына ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша тренингтер өткізу жоспарлануда.
Бұдан бөлек, жер жерлерде жүргізілетін оқыту барысында бұған дейін құрылған кооперативтердің мониторингі жүргізіледі. Яғни, тиісті инфрақұрылымының барлығы мен қайта өңдеуші кәсіпорындармен өзара байланысы, өткізу нарығы мен өзге де мәселелері сарапталады.
Тағы бір айта кетерлік жайт, мұның нәтижесінде ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мәліметтер базасын құру және олармен ұдайы байланыста болу жүйесін жолға қою көзделуде.
Анықтамалық: Қазіргі таңда ел аумағында 800-ден аса ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген. 2016 жылы сүт өнімдері және ірі қара мал етін әзірлеу бағыттары бойынша 157 кооператив құрылған. Ағымдағы жылы өзге де бағыттарды қамти отырып 250-ге жуық кооператив құру жоспарлануда.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр