- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Сирия мәселесі бүкіл әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр
Н.Назарбаев: Сирия мәселесі бүкіл әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр
Кездесу барысында тараптар Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі алдағы келіссөздер мәселесін талқылады.
Мемлекет басшысы Астананың келіссөздер өткізуге дайын екенін айтып, барлық қатысушылар үшін жағдай жасалғанын атап өтті.
«Мен Ресей, Түркия және Иран Президенттерінің Астанада келіссөздер өткізу жөніндегі ұсынысын қабыл алдым. Біз кездесудің жемісті өткенін қалаймыз. Қазақстан кездесуге қатысатын тараптардың бәрімен тең әрі сенімді қарым-қатынаста болғандықтан, келіссөздер қалыпты өту үшін барлық жағдай жасалады деп ойлаймын», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Сирия мәселесі бүгінде Таяу Шығысты ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырғанын атап өтті.
«Тараптар да болып жатқан оқиғаларға біз сияқты алаңдаушылықпен қарап отыр деп үміттенемін. Сарапшылардың айтуынша, қақтығыс басталғалы 300 мыңнан астам адам қаза тапқан. Осының бәрі бізді бұл мәселені бейбіт жолмен ғана шешуге үміттенуге жетелейді», – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті БҰҰ-ның арнаулы елшісіне Астанадағы кездесу Женевадағы бейбіт келіссөздерге дайындық барысына елеулі ықпал ететінін айтты.
Стаффан де Мистура Нұрсұлтан Назарбаевқа Астанада келіссөздер өткізуге мүмкіндік бергені үшін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериштің атынан алғыс білдірді.
«Сіздің еліңіз халықаралық аренадағы ең күрделі түйткілдерді реттеу ісінде зор тәжірибесін көрсетіп, үлгі болып келеді. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігі Сирия қақтығысын шешудегі қосымша мүмкіндік болып саналады», – деді Стаффан де Мистура.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қарулы қақтығысты одан әрі реттеу шаралары жөнінде пікір алмасты.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі