- Басты
- Жаңалықтар
- Ләззат Ибрагимова Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне басшы болып тағайындалды
Ләззат Ибрагимова Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне басшы болып тағайындалды
Банктың басшылығына Директорлар кеңесінің мүшесі, 2016 жылдың 3-ақпанынан бастап «Бәйтерек» Холдингі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Ләззат Ибрагимова тағайындалды, деп хабарлады хабарлады «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ.
Жаңа басшыны таныстыра отырып, Ерболат Досаев Ләззат Ибрагимованың «Бәйтерек» Холдингі құрылымы аясында жеткен жетістіктері мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін жаңа деңгейге көтеруге септесетін кәсіби біліктілігі мен жеке қасиеттерін атап өтті.
22 жылдық жұмыс өтілінің басым бөлігін шағын және орта бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мәселелеріне арнаған. Гумилев атындағы Еуразия гуманитарлық университетінің оқытушылығынан бастап «Бәйтерек» Холдингіне кіретін және басқа да ірі даму институттарының басшылығына дейін қызмет атқарды.
Түрлі жылдары БҰҰ Даму бағдарламасы жобасының экономикалық даму бойынша ұлттық сарапшысы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының сараптау мен даму стратегиясы, оқыту мен консалтинг, корпоративті даму департаменттерінің басшысы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ арнайы бағдарламалар департаментінің бас менеджері қызметтерін атқарды. 2011 жылдан бері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы лауазымында жұмыс істеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді