• Басты
  • Алматыда ШОБ-ті дамыту үшін 4 млрд теңге қаражат бөлінеді – «Даму» қоры
23 Қаңтар, 2017 13:47

Алматыда ШОБ-ті дамыту үшін 4 млрд теңге қаражат бөлінеді – «Даму» қоры

«Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы аясында оңтүстік астанада жалпы 147 келісім-шарт бойынша 54,67 млрд теңге көлемінде субсидия бөлінді.

Алматыда ШОБ-ті дамыту үшін 4 млрд теңге қаражат бөлінеді – «Даму» қоры | Strategy2050.kz

Қор кепілдендіру бойынша 163 жобаны қолдады.

Қаланың «Жібек жолы» бағдарламасы бойынша 52 кәсіпкер 7%-дық жеңілдікті мөлшерлемемен 3,6 млрд теңгенің несиесіне қол жеткізді.Бағдарлама қаланың негізгі инфрақұрылымын құрайтын салаларды жүзеге асыратын кәсіпкерлерге арналған. Яғни олар сату және қызмет көрсету, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасына енбейтін басқа да секторлары, деп хабарлады "Даму" қоры.

«Даму» қорының қаржылық қолдауымен қатар кәсіпкерлерге қаржылық емес көмек - бірнеше оқу жобалары арқылы ұсынады.

«Назарбаев Университеті» бизнес мектебінің негізінде 60 кәсіпкер оқытылды.

«Даму Көмек» бағдарламасы бойынша мүмкіндігі шектеулі 24кәсіпкер қолдау алды.

Сонымен қатар «Табысты бизнес жүргізу негіздері» тақырыбында семинар-тренинг пен мүмкіндігі шектеулі адамдар өз қолдарымен жасаған заттарын сатуы үшін «Жақсылық жаса» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырды.

«Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы бойынша 111 іс бастаушы кәсіпкер оқытылды.

«Студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» оқу жобасы шеңберінде - студенттер бизнес негіздерін үйренуге жақсы мүмкіндік ұсынылды. Оқу 4 күн бойы өтті. Осы уақыт ішінде басқару, салық салу, құқықтық және бизнес-жоспарды құру негіздері бойынша 117 студент тәлімдеме алды. Осы жоба шеңберінде «Даму» қоры Алматы қалалық аймақтық филиалы және КИМЭП, Нархоз университеттерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жылдың соңында оқудан кейін 35 адам кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелді.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бір жыл ішінде 5 875 адамға бухгалтерлік, кәсіпкерлік бағдарламалар, құқықтық, маркетингтік, және мемлекеттік қолдау саласында 8418 қызмет көрсетілді.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының негізінде Алматы қаласынын 1 000-нан астам іс бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлерге қаржылық сауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі семинарлар, мастер-класстер, дөнгелек үстелдер өткізілді.

«Сондай-ақ, осы жылы Алматы қаласының әкімдігі мен «Даму» қоры шағын және орта бизнесті дамыту мақсатымен, туризм саласына - «Алматы-туризм», инновация саласына «Алматы Инновация», азық-түлік өнеркәсібі саласына «Алматы-Өнім» бағдарламарына 4 миллиард теңге каражат бөлмекші», - делінген хабарламада.

Алматы әкімдігі мен «Даму» қорының бірлесе қаржыландыруы тепе-тең негізде сонғы 8,5% несие пайызы мөлшерлемесінде, бір адамға максималды сома несиесі 100 млн тенгеге дейін және несие мерзімі 84 айға дейін екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылатын болады.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды