- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылдың басында Қызылорда облысының кезекке тұрушылары 988 жалдамалы пәтер алады
2017 жылдың басында Қызылорда облысының кезекке тұрушылары 988 жалдамалы пәтер алады
Көп қабатты үйлер «Сәулет», «Арай», СПМК-70 шағын ауданындарында орналасқан. Құрылысты қаржыландырған «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы –«Бәйтерек девелопмент» АҚ.
«Қызылорда облысында баспана алуға 23,8 мың адам тұрғанын, олардың жартысынан көбі бұл- көп балалы және толық емес отбасылары мен мүгедектер екенін ескеріп, әкімшілікті қолдап, бұл аймақта 988 жалдамалы пәтер бөлуді ұйғардық. Яғни, компания әлеуметтік аз қамтылған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша өз міндеттемесін орындайды», -деп «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуарбек Өсербаев хабарлады. – 2017 жылдың бірінші тоқсанында Қызылорда қаласында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде барлығы 1470 пәтер пайдалануға беріледі».
«Бәйтерек девелопмент» АҚ «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2016 жылдың мамырынан бастап баспана құрылысын инвестициялап келеді.Тек жарты жылдың ішінде баспананың 128 мың шаршы метрі пайдалануға берілді. Пәтерлердің басым көпшілігі Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі салымшыларының арасында өткізіледі, сонымен қатар, әкімшіліктен кезекке тұрушыларға жалдамалы баспана ретінде ұсынылады.
«Баспананың негізгі көлемі биыл пайдалануға беріледі. Қазір еліміздің көптеген аймақтарында нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы 12 бес қабатты 320 пәтерлі тұрғын үй, Атырау қаласындағы 432 пәтерлі алты көп қабатты тұрғын үй, Алматы қаласындағы 636 пәтерлі он тұрғын үй нысандарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр», - деді Ә.Өсербаев.
Қазақстан бойынша 2016-2017 жылдары «Бәйтерек девелопмент» АҚ желісімен 691 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға беріледі. Бүгінгі күнде, компания Астана және Алматы қалалары мен еліміздің 13 аймағында тұрғын үй құрылысын инвестициялаудың 53 келісімшартын жасады.
«Бәйтерек девелопмент» АҚ - «Бәйтерек» ҰБХ» еншілес ұйымы, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға мемлекеттік бағдарламасының жалға беру мен несиелік құрылыс салу бойынша операторларының бірі болып табылады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды