- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 8 біріккен және 17 шведтік кәсіпорындар тіркелген
Алматыда 8 біріккен және 17 шведтік кәсіпорындар тіркелген
Тараптар сауда–экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мегаполис әкім Алматының бизнес-ахуалын жақсарту бойынша бастама жасаушылар қаласы ретінде қалыптасқандығын, көлік жүйесі мен «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру жөнінде нақтылы істердің атқарылғандығын айтты.
«Швеция инновация отаны ретінде жақсы таныс, сондықтан суды тазарту, қалдықты қайта өңдеу, телекоммуникация істері жөніндегі тәжірибе бізге тиімді. Туризм саласында бірігіп жұмыс атқаруға мүмкіндіктер жетерлік», - деді Б.Байбек.
Өз кезегінде Оскар Стенстрём бұл сапар екіжақты экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға арналғандығын атап өтті.
«Бүгінгі күні Қазақстан швед бизнесі үшін әлеуетті нарықтардың бірі болып табылады. Біз сіздерден жоғары потенциал көрудеміз. Бұл сапар бірігіп жұмыс атқарудың нақтылы жолдарын анықтап береді. Алматы болашағы зор жастардың әрі техникалық мамандардың, математиктердің қаласы екен, біздің компаниялар осындай дарынды жастарды іздейді», - деді Швецияның Сыртқы істер министрінің сауда және ЕО бойынша орынбасары Оскар Стенстрём.
Ол өзінің сөзінде шведтік-қазақстандық іскер кеңестің және Швецияның «Business Sweden» Сауда әрі инвестициялық Кеңесі екі жақты байланыстарға оң ықпал ететінін айтты. Аталған ұйымның офисі Алматыда орналасқан және ол Орталық Азияны қамтитын өңірлік хабқа айналды.
Шетелдік делегацияға инвесторларға қызмет көрсететін Орталықтың, Алатау ауданындағы индустриалды аймақтың және «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА жұмыстары таныстырылды.
2016 жылдың 11 айы ішінде Алматы мен Швеция арасындағы тауар айналымы 53,8 млн. АҚШ долларын құраған, оңтүстік астанада 8 біріккен және 17 шведтік кәсіпорындар тіркелген.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар