- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Әбдірахманов және С.Лавров ҚР мен РФ ынтымақтастығының әр түрлі аспектілерін талқылады (ФОТО)
Қ.Әбдірахманов және С.Лавров ҚР мен РФ ынтымақтастығының әр түрлі аспектілерін талқылады (ФОТО)
ҚР сыртқы істер министрі Мәскеуге ресейлік әріптесінің шақыруымен барғанын атап өту қажет. Бұл сапар отандық сыртқы саяси ведомствоның жаңа басшысы үшін екіжақты форматтағы алғашқы сапары.
Қазақстандық СІМ басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылған сәтінен бастап 25 жылдық қарсаңында өтіп жатқан өз сапарының маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты заманауи халықаралық қарым-қатынастар үшін көрсетуге тұрарлық екіжақты форматтағы үлгілік модель деп атады. Ол Астана мен Мәскеу арасындағы кең ынтымақтастыққа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресейдің Президенті Владимир Путин ықпал ететінін атап өтті.
«Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан мен Ресей тарихи және ғасырлық байланыстарды сақтап қана қоймай, тең құқықтық және өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, өзара қарым-қатынасты жаңадан орната алды. Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігін нығайтуда Мемлекет басшыларының тұрақты кездесулері негізгі рөл атқарады және шешімін таппаған бірде-бір мәселе жоқ», - деді Қ. Әбдірахманов келіссөз барысында.
Тараптар басты саяси орган БҰҰ аясында, сондай-ақ ТМД, ЕАЭО, ШЫҰ сияқты өңірлік ұйымдар аясында екі елдің ынтымақтастығын талқылады.
Жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Астанада өтетін Сирия бойынша келіссөздер процесі, Ауғанстандағы жағдай және халықаралық күн тәртібінің өзге де өзекті мәселелері келіссөздердің басқа негізгі тақырыптарына айналды.
Келіссөз қорытындылары бойынша Қ. Әбдірахманов және С. Лавров Екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы ынтымақтастықтың 2017-2018 жылдарға арналған жоспарына қол қойды.
Сапарды қорытындылай келе, Қ. Әбдірахманов екі елдің көшбасшылары арасында көптеген кездесулердің жоспарланғанын және сол себепті ресейлік тараппен бірлескен жұмыс жеткілікті болатынын атап өтті.
«Бүгінгі кездесудің қорытындылары Қазақстан мен Ресейдің одан әрі ынтымақтастық жасауын дамытуға ықпал етеді деп сенемін», - деді қазақстандық дипломат.
Келіссөз қорытындылары бойынша министрлер баспасөз конференциясына қатысып, БАҚ сұрақтарына жауап берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері