- Басты
- Жаңалықтар
- Екібастұзда қуаттылығы жылына 135 мың тонна өнімді құрайтын кремний зауыты салынбақ
Екібастұзда қуаттылығы жылына 135 мың тонна өнімді құрайтын кремний зауыты салынбақ
Облыс әкімдігінде өткен жиналыста зауыттың бастапқы жобасы бойынша оның өндірістік қуаты жылына 35 мың техникалық кремний болса, кейін инвесторлар аймағымыздағы инвестициялық қолайлыққа байланысты жобаның жылдық қуатын 135 мың тоннаға дейін ұлғайту туралы шешім қабылданғаны белгілі болды.
«Бізге Екібастұз қаласындағы №1 электр станциясының жанынан 70 гектар жер бөлінді. Сонымен бірге, біз станцияның сыртқы электрмен қамту жүйесіне қосылуға техникалық шарт алдық. Яғни, біз электр қуатын «KEGOC» АҚ-ның желісі бойынша емес, тікелей станцияның өзінен алатын боламыз. Сондай-ақ бөлінген жер шикізат орындарына жақын орналасқан. Кварцит Қарағанды облысынан, мұнай коксы Павлодардан, ал ағаш кесінділері Ресейден тасымалданады. Бұл факторлар біздің өнімнің бағасының нарықтық бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп үміттенеміз», - деп хабарлады «ANSA Silicon» ЖШС өкілі Болат Тоқтасынов
Бұл жобаға құйылған инвестициялардың жалпы көлемі 38 миллиард долларды құрайды. 2019 жылы кәсіпорындағы өндірістің үшінші кезегін іске қосқаннан кейін 600 жаңа жұмыс орыны құрылады.
Айта кету керек, «ANSA Silicon» ЖШС өкілдері жобаны кеңейтуге байланысты облыс әкімінен қосымша жер бөлуді сұраған еді. Бұдан бөлек, инвесторлар кремний өндірісінде аймағымызда өндірілетін кварцитті пайдалануды ұсынды. Аймақ басшысы қосымша жер учаскесін бөлу үрдісін жеделдетіп, бір айдың ішінде кәсіпкерлерге Ертіс өңіріндегі қай табиғат ресурстарын алуға болатынын анықтауды тапсырды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады