• Басты
  • Шымкенттегі «Самал» шатқалына 5 мың түп ағаш отырғызылды
21 Қаңтар, 2017 15:37

Шымкенттегі «Самал» шатқалына 5 мың түп ағаш отырғызылды

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен «Шатқал» бағдарламасы аясында қаладағы салынып жатқан екінші саябаққа 5 мың түп ағаш көшеттері отырғызылды.
Шымкенттегі «Самал» шатқалына 5 мың түп ағаш отырғызылды

«Самал» шатқалы деп атау берілген саябақ  38 гектар аумақты құрайды. Оның ұзындығы 1750 метр болып келеді. Қараусыз қалған сай-салаларды абаттандырып, көгалдандыру мақсатында 15 мыңнан астам - үйеңкі, емен, шаған, шынар, қарағаш, сексеуіл, қараған, жылауық тал мен арша, қарағай калифорниялық терек егілетін болады, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.

Еліміздегі тұңғыш жоба болып саналатын бағдарламаның жай-жапсарына тоқталған өңір басшысы игі іске баршаны бір кісідей қатысып, қаланы жасыл желекке айналдыруға өз үлестерін қосуға шақырды.

«Аталған бағдарлама бойынша алдағы уақытта Шымкент шаһарының аймағындағы шатқалдарды көгалдандыруды жоспарлап отырмыз. Жалпы аумағы 16 мың 800 гектарды халық демалатын орындарына айналдырумыз керек. Биыл Шымкентте көлемі 100 гектарға жуық 5 сай-саланы демалыс кешеніне айналдырамыз. Тұрғындарының саны миллионға жуықтаған облыс орталығының экологиялық ахуалын жақсартып, жасыл қалаға айналдыруға тиіспіз » деді Жансейіт Қансейітұлы.

Саябаққа келушілер ашық аспан астындағы амфитеатрларда түрлі ұйымдастырылған мәдени кештерді тамашалайды. Одан бөлек балалар алаңшасы, шахмат пен дойбы алаңы, веложолдар мен спорттық жаттығуға арналған орын мен полиция бөлімшесі салынып ел игілігіне беріледі.

Бұл бағдарламаның басты мақсаты - қараусыз қалған шатқалдарды халық демалатын саябаққа айналдыру. Бұл әдіспен салынған саябақтарды әлемнің өркениеті дамыған елдері табиғи ландшафты сақталған деп жоғары бағалап, сүйікті демалыс аймақтарының біріне айналдырған.

Айта кетейік, шаһардағы бос жатқан сай-салаларды көгалдандырып, абаттандыру жұмыстарына демеушілер мен ерікті мекеме ұйымдары да тартылып жатқанын еске саламыз. Мәселен, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұжымы жасыл желек қатарын дамыту жұмыстарына өз үлестерін қосу мақсатында 5 гектар жерді көгалдандыруға ниет білдіріп отыр.

Эколог ғалымдардың мәлімдеуінше желтоқсан-ақпан айларында егілген жасыл желектер табиғаттың түрлі жағдайларына – ыстық пен суыққа төтеп беріп, төзімді болуға септігін тигізеді.

Өткен аптада биылға жоспарланған 5 шатқалдың  алғашқысына сенбілік ұйымдастырылып, «Шымсая» атауы берілген саябақта бір күнде мыңнан астам көшет егілген болатын.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды