• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтауда ішкі істер органдарының қызметкерлеріне автокөліктер мен пәтер кілттері табысталды

Ақтауда ішкі істер органдарының қызметкерлеріне автокөліктер мен пәтер кілттері табысталды

12 Желтоқсан, 2013 15:29
Ақтау қаласында ішкі істер органдарының қызметкерлеріне 95 қызметтік автокөліктің және 120 қызметтік пәтердің кілттері табыс етілді, деп Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қызметтік автокөліктерге қаражат  жергілікті бюджет есебінен бөлінді», - делінген хабарламада.

«Мемлекет пен қоғам тәртіпсіздікке нөлдік төзбеушілік қағидатымен қатарлар жүруі тиіс. Ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеу атмосферасы - қоғамдық қауіпсіздік, қылмыспен күресті нығайтуда үлкен рөл атқарады», - деді ІІМ бірінші орынбасары  Марат Демеуов.

Бұл бірінші кезекте тұрмыстық жағдайға байланысты. Тұрақты тұрғын үйдің болуы полиция қызметкерінің өзінің функционалдық міндеттерін табысты атқаруына әсер етеді.  

 

Барлық жаңалықтар