- Басты
- Жаңалықтар
- Таиланд ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді дайындық үстінде (ФОТО)
Таиланд ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді дайындық үстінде (ФОТО)
Брифингке Таиландтың мемлекеттік органдарының, ұлттық компаниялардың басшылары және 40-тан астам жетекші БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.
Таиландтың энергетика министрі Анантапорн Канджанарат алғашқы сөзді алып, Таиланд павильонының тұжырымдамасымен таныстырды. Ол Таиланд үкіметінің 2017 жылдың ең маңызды шараларының біріне дайындығы барысы туралы айтып берді.
«Қазақстан таңдаған «Болашақтың энергиясы» тақырыбы барлық адамзаттың болашақ ұрпақ үшін өзекті мәселелерін көрсетеді. Сондықтан Таиланд биоэнергетиканы жаһандық дамытуға өз үлесін қосып, Астанада жаңартылатын энергия көздері саласындағы өз әзірлемелерін көрсетуге ниетті», - деп атап өтті ол.
Қазақстан Республикасының елшісі Марат Есенбаев өз сөзінде Астана көрмесіне дайындық барысымен таныстырып, «ЭКСПО-2017» көрмесінің негізгі кезеңдері туралы айтып берді және журналистер мен бизнес өкілдерін іс-шараға белсенді қатысуға шақырды.
Сондай-ақ іс-шара аясында М. Есенбаевтың Таиландтың Коммерция министрлігінің, Инвестициялар палатасының өкілдерімен кездесуі өтті.
Анықтама үшін: Таиланд павильоны («Барлығына арналған биоэнергетика») көрмедегі ең ірі павильондардың бірі болмақ. ЭКСПО аясында 2017 жылы Таиланд ханшайымы Маха ЧакриСириндорн, Таиланд Премьер-министрі П.Чан-о-ча, Таиланд үкіметінің мүшелері мен ірі компания басшыларының Қазақстанға сапары күтілуде.
-
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
Елордалықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны белсенді түрде қабылдап жатыр -
ТЖМ: Су тасқынына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу мәселелері -
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
Қазақстан халқы сайлауға белсенді қатысып жатыр - Эстониядан келген бақылаушылар -
SAILAU TALKS 2021: «Сайлау науқанында жастардың азаматтық, саяси белсенділігі артты» -
Сайлаушылар дауыс беруге белсенді келуде -
Л.Рамазанова: Қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу процестеріне әйелдерді белсенді тарту қажет -
Коронавирустың екінші толқыны: Үкімет дайындықты күшейтті -
Белсенді азаматтық қоғам - білікті мемлекеттік басқарудың кепілі