- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы әкімі 2017 жылғы Универсиада нысандарының дайындығын тексерді
Алматы әкімі 2017 жылғы Универсиада нысандарының дайындығын тексерді
Атлеттер ауылында қала әкімі Алатау ауданындағы алғашқы фитнес- орталықтың, «MARWIN» отбасылық дүкендер желісінің жұмысымен танысты, сонымен қатар жақында ашылған супермаркетке қойылған тауарларды көрді., деп хабарлады қала әкімдігінде.
Бауыржан Байбек отандық өнімдер, сувенир бұйымдары, киім мен спорт тауарлары және басқалары қойылған жаңа дүкенде алғашқылардың бірі болып сауда жасады.
Алматы әкімінің кезекті жұмыс сапары аясында «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплині кешенінде орналасқан Универсиаданың басты операциялық және ақпараттық орталығының дайындығы да көрсетілді. Бауыржан Байбек қалалықтардың қауіпсіздігін, жайлы өмірін қамтамасыз ету мен басқа да кешенді мәселелерді шешу ісі одан әрі жалғасын табатынын, ал бұл Алматыға деген туристік қызығушылықты арттыратынын айтты.
Еске сала кетейік, Халықаралық қысқы студенттер ойындары Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында спорттың 12 түрі бойынша 8 спорт нысандарында өтеді. Мысалы, «Алматы Аренада» Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаттары, мәнерлеп сырғанау мен керлингтен, «Халық Аренада» ерлер арасындағы шайбалы хоккейден, «Медеу» мұз айдынында конькимен жүгіруден, «Шымбұлақта» тау шаңғысы, сноуборд, фристайлдан, «Сұңқар» ХШТК-де шаңғымен трамплиннен секіруден, шаңғы қоссайысынан, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайынының негізгі аренасында шайбалы хоккейден (әйелдер), кіші аренада шорт-тректен, «Алатау» шаңғы биатлоны кешенінде тау шаңғысынан, биатлоннан, шаңғы қоссайысынан, «Табағанда» Биг Эйр және шаңғы акробатикасынан жарыстар өтеді.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары