- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлт жоспары: Қазақстанда үш сатылы сот төрелігі жүйесі сәтті іске қосылды
Ұлт жоспары: Қазақстанда үш сатылы сот төрелігі жүйесі сәтті іске қосылды
Тергеу судьяларының, алқабилер сотының құзыреті неғұрлым кеңейтілді, азаматтық істер бойынша прокурорлардың сотқа қатысуы қысқартылды. Судьялардың жұмыстағы және қызметтен тыс уақыттағы жүріп-тұруын нақты регламенттейтін жаңа Судьялық әдеп кодексі қолданысқа енгізілді. Жаңа ақпараттық технологиялардың, соның ішінде барлық сот залдарын аудиобейнетіркеу жүйелерімен толықтай жарақтандыру нәтижесінде соттардың қызметі неғұрлым ашық әрі айқын бола түсті.
Жаңа Азаматтық процестік кодекс пен қылмыстық заңнама жоғары тиімділігін көрсетуде. Мұны статистикалық көрсеткіштер айқын дәлелдеп отыр.
Республика бойынша барлық азаматтық істердің 59,2% жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қаралды. Медиацияны қолдана отырып аяқталған істердің саны үш есе артты, дауды шешудің баламалы тәсілдері шамамен екі есе жиі қолданылды. Прокурорлардың қатысуымен қаралған істердің саны шамамен төрт есеге азайды.
Республика бойынша сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу тәртібімен қаралған қылмыстық істердің саны 14%-ға, келісімдік іс жүргізу тәртібімен аяқталған істер – 10%-ға, қысқартылған тәртіппен қаралған істер – 2 еседен көп мөлшерге артты. Ақтау үкімдерінің саны 19,2%-ға, алқабилердің қатысуымен қаралған қылмыстық істер – 11,9%-ға көбейді.
«Судьялардың VII съезінде Мемлекет басшысы айқындаған сот қызметінің басымдықтары адамның құқықтарын, бизнес пен мемлекеттің заңды мүдделерін құқықтық қорғаудағы соттардың рөлін арттыруға бағытталған. Кез-келген реформаның ең басты мақсаты заң үстемдігін, құқыққа қайшы әрекеттер үшін жазаның бұлтартпаушылығын қамтамасыз ету, мемлекет пен оның азаматтарының неғұрлым жайлы өмір сүруіне негіз болатын құқықтық режимді қалыптастыру болып табылады. Дәл осы ұстанымдар бойынша біз өткен жылғы жұмыстың нәтижелерін бағалауға тиіспіз» деді Қ.Мәми.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы