• Басты
  • Қ.Мәми: Жоғарғы сот билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша өз реформасының үлгісін ұсынды
20 Қаңтар, 2017 15:49

Қ.Мәми: Жоғарғы сот билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша өз реформасының үлгісін ұсынды

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми 2016 жылғы облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысына арналған кеңесте 11 қаңтарда билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша Мемлекет басшысы құрған жұмыс тобының алғашқы қадамдарына айрықша тоқталып өтті.

Қ.Мәми:  Жоғарғы сот билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша өз реформасының үлгісін ұсынды | Strategy2050.kz

«Жұмыс тобының мүшесі ретінде облыс активі мен судьяларға бүгінге дейін ұйымдастырушылық отырыстың өткендігін, Мемлекет басшысының нұсқауына сәйкес жекелеген мәселелерді шешу бойынша тұжырымдамалық көзқарастың қалыптасқандығын айтып өтейін», - деді Қ.Мәми.

Жалпы алғанда, елдегі жағдайға Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін күшейте отырып, қолданыстағы саяси-құқықтық жүйенің негізгі бағыттарын сақтап қалу туралы жалпы түсінік қалыптасып отыр. Жоспарланған шаралар құқықтық мемлекетті күшейтуге, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін нығайтуға бағытталатын болады.

Қ.Мәми Қазақстан үшін күшті президенттік билік институтының маңыздылығына айрықша тоқтала келе: «Тәуелсіздік жылдары ел дамуының стратегиялық мәселелерін шешуде мемлекеттік биліктің бірлігін қамтамасыз ететін президенттік басқару нысаны өзін-өзі толығымен ақтады», - деді.

«Мемлекеттік органдардың алғашқы ұсыныстары осы аптаның соңына дейін Президент Әкімшілігіне ұсынылатын болады.  Жоғарғы Сот күні кеше ғана алдағы реформа бойынша өз ұсыныстарын енгізді», - деді Қ.Мәми. Бұлар – сот құрылымы мен сот ісін жүргізу бойынша Үкіметпен, Парламентпен, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бойынша  мәселелер. Ұлт Жоспарын іске асыру аясындағы заңнаманы одан әрі жетілдірумен байланысты шаралар, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының озық тәжірибесі де ұсынылды.

Билік өкілеттіктерін қайта бөлу бойынша ұсыныстарды әзірлеу барысында отандық және шетелдік тәжірибе, Конституция мен заңдарды қолдану практикасы зерделенетін болады.

 «Осы орайда, облыс басшылығын, облыстық сотты, құқық қорғау органдарындағы әріптестерімді осы талқылауға белсене қатысуға шақырамын. Жұмыс тобына жоғарыда айтылған мәселелер бойынша кез-келген ұсыныс маңызды. Өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасу тетіктерін пысықталып, сіздерге жұмыс тәртібінде хабарланатын болады», - деді кеңеске қатысушыларға қарата айтқан сөзінде Жоғарғы Сот Төрағасы.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды