• Басты
  • Астана әкімдігі үлестік құрылыс картасын әзірледі
21 Қаңтар, 2017 14:31

Астана әкімдігі үлестік құрылыс картасын әзірледі

Үлестік құрылыс туралы жаңа заңды тиімді іске асыру және атқарылып жатқан жұмыстардың транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының әкімдігі үлестік құрылыстың бірыңғай картасын әзірледі, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Астана  әкімдігі үлестік құрылыс картасын әзірледі | Strategy2050.kz

Картада үш ауданда орналасқан үлескерлік құрылыстың 56 объектісі көрсетілген. Карта екі бағыттан тұрады: проблемалық нысандар және жаңа заңның нормаларына сәйкес салынып жатқан нысандар. Ол өте ыңғайлы және көпфункционалды болып табылады. Сондай-ақ, тұрғын үй кешенінің мекен жайы мен орналасқан орны, сипаттамасы, фото және бейнекөрсеткіштер ұсынылған.

Үлескерлер нысанның статусымен танысып, құрылыс жұмыстарының барысы мен кезеңдері, құрылыс салушы туралы дұрыс мәлімет ұсынылған толық техникалық құжаттама туралы ақпарат ала алады.

Үлестік құрылыстың бірыңғай картасының басты артықшылықтары – шынайы ақпарат ұсыну, айқындылықты қамтамасыз ету, ТК нысандары бойынша өзекті ақпараттың қолжетімділігі, бірыңғай мәліметтер базасына қолжетімділік, барлық пайдаланушылар үшін түсінікті интерфейс.

Қазіргі кезде 30-дан аса проблемалық нысан Астана әкімдігінің бақылауына алынды. Нысандардың тізімі ресми сайтта жарияланған.

Әр апта сайын Ведомствоаралық комиссияның отырыстарында қалған нысандар бойынша жағдай туралы үлескер-инвесторлардың бастамашыл топтарының ақпараттары тыңдалады.

ВАК мүшелері қолданыстағы заңнаманың шеңберінде құрылыс салушыларға нысандардың құрылысын аяқтауда қолдау көрсетіп отыр. Құрылыс салушы тарапынан нақты жұмыс жүргізілмесе, құрылысты өз беттерімен аяқтау үшін нысандарды ТҚК-ге беру бойынша сот процедураларын жүргізу ұсынылады. 2014-2016жж. ВАК қызметінің арқасында 20-ға жуық проблемалық нысанның құрылысын аяқтау мәселелері шешімін тапқан.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды