- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин мен канадалық депутаттар парламентаралық байланысты тереңдету жайында келісті
Н.Нығматулин мен канадалық депутаттар парламентаралық байланысты тереңдету жайында келісті
Н. Нығматулин атап өткендей, бұл сапар Қазақстан Канаданың маңызды әріптестерінің бірі екендігінің жарқын көрсеткіші.
Биыл Канада елінің 150-жылдық мерейтойы. Әріптестерін осы айтулы датамен құттықтаған Мәжіліс Төрағасы Канада халқына игілік пен гүлдену және табыс тілеген ізгі сәлемін жолдады.
Биыл қос мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толды. Н. Нығматулиннің пікірінше, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Канада Премьер-Министрі Джастин Трюдоның былтыр Қытайда өткен «G20» Саммитінде кездесуі екіжақты саяси үнқатысу үшін маңызды орын алып отыр. Тараптар уран, мұнай-газ, ауылшаруашылығы, сондай-ақ, білім және туризм салаларына басымдық бере отырып, казақстандық-канадалық қарым-қатынасты дамытудың өзекті сұрақтарын талқылады.
Мәжіліс Спикері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі Қазақстанның тұжырымдамалық көзқарасы» атты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне арнаған саяси үндеуіне айрықша назар аударды.
Бұл ядролық қарусыз әлемді жақындату, жаһандық соғыс қатерін болдырмау, Ауғанстандағы бейбітшілікке ықпалдасу, Орталық Азияда бейбітшіліктің өңірлік аймағын қалыптастыру, БҰҰ қамқорлығымен Жаһандық лаңкестікке қарсы коалиция құру. Өз сөзінде Н. Нығматулин:
«Біз Канадамен үнемі пікір алмасу, түрлі халықаралық құрылымдарда күштерімізді үйлестіру, бастамалар мен позицияларымызды өзара қолдау жолымен халықаралық аренадағы іс-қимылымызды нығайтатын боламыз»,-деді.
Өз кезегінде мейман Қазақстанның қазіргі даму деңгейін жоғары бағалай келіп: Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде Қазақстан құқық үстемдігі, плюрализм, мемлекеттік қызметті реформалаумен қатар, көптеген маңызды бағдарламаларды жүзеге асырды. Бір әрқашанда Қазақстанды қолдаймыз,-деді.
Тараптар парламентаралық байланысты тереңдету жайына да ерекше көңіл бөлді.
Кездесу соңында Мәжіліс Төрағасы канадалық әріптесіне біздің елімізге ресми сапармен келу туралы шақыру жолдады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері