- Басты
- Жаңалықтар
- Премьер-Министр Канаданың парламенттік делегациясымен кездесу өткізді
Премьер-Министр Канаданың парламенттік делегациясымен кездесу өткізді
Кездесу барысында Қазақстан мен Канаданың әлеуметтік-экономикалық дамудың түрлі салаларындағы ынтымақтастық келешегі, соның ішінде ауылшаруашылығы, аграрлық өнеркәсіп, мәдени-гуманитарлық байланыс, азаматтық авиация, аэроғарыш және әскери-өнеркәсіптік салалардағы мәселелері талқыланды, деп хабарлады primeminister.kz.
Кездесуде басты назар 2016 жылы құрылған Қазақстан-Канада Іскелік кеңесі аясындағы екі елдің бизнес-құрылымдарының өзара іс-қимылына аударылды. Тараптардың пікірінше, кеңес қызметі екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға мүмкіндік береді.
Премьер-Министр Канаданың Қазақстанның маңызды серіктесі екенін айтып өтті. Екі елдің де жаһандық экономикалық сын-тегеуріндерді еңсерудегі әрекеттері инфрақұрылымға инвестициялардың өсуі мен өңірлік және жаһандық экономикалық ықпалдастықты есепке алғанда сәйкес келетінін айтты.
Премьер-Министр Б. Сағынтаев канадалық компаниялардың Қазақстанда өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне белсенді қатысуы және жаңартылмалы энергия саласында тәжірибе алмасу екі елдің қарым-қатынасын дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
Анықтама:
2016 ж. қаңтар-қарашада ҚР-ның Канадамен тауар айналымы $327,3 млн-ды құрады. Қазақстан экспортының өсімі байқалды, соның нәтижесінде 2016 ж. 11 айында сауда теңгерімі ҚР үшін оңтайлы болып, $134 млн-ды құрады.
2016 ж. 1-жартыжылдығында Канададан ҚР-ға тікелей инвестициялар ағымы $70,0 млн-ды құрады. Канаданың СІМ-нің мәліметінше, 1994 ж. бастап ҚР-дағы инвестициялар көлемі шамамен $16 млрд-ды құрады (2010-2014 жж. $10,98 млрд.). Канада инвесторлар арасында 11-ші орынға ие.
-
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді -
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті -
Сайлауалды үгіт-насихат: Өңірлердегі кездесулер жалғасуда -
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: Жұмысшылармен, кітапханашылармен, саудагерлермен кездесу -
Үгіт насихат жұмыстары: Партиялардың сайлауалды штабтары кездесуді жалғастыруда -
Үгіт-насихат жұмыстары: Өңірлердегі кездесулер, алғаш дауыс берушілермен жүздесу -
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: өңірлердегі тұрғындармен кездесулер өтті -
Парламенттік сайлау – 2021: 6 саяси партияның дайындығы қалай -
Парламенттік сайлауда кімдер дауыс бере алады -
Президент Шорнақ пен Сәтбаевтағы жағдайға байланысты кеңес өткізді -
Назарбаев Университеті түлектерге диплом тапсырудың виртуалды рәсімін өткізді -
Аскар Мамин экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді