- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Жоғарғы Сот кеңесінің сапалы кадрларды іріктеу жұмысындағы рөлін атап өтті
Н.Назарбаев Жоғарғы Сот кеңесінің сапалы кадрларды іріктеу жұмысындағы рөлін атап өтті
Кездесуде А.Смолин Мемлекет басшысына Жоғарғы Сот кеңесінің 2016 жылғы жұмысының нәтижелері, сондай-ақ «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру барысында судьяларды іріктеу ісін оңтайландыру жөнінде мәлімдеді.
Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот кеңесінің жаңа ереже мен қабылданған заңға сәйкес сапалы кадрларды іріктеу бағытында жүргізіп жатқан жұмысының ерекше рөлін атап өтіп, оның қызметіне басқа органдардың араласуына жол берілмейтінін айтты.
«Біз толық объективтілік болу және араласпаушылық талабы сақталу үшін алғаш рет автономды Жоғарғы Сот кеңесін құрдық. Қазір судьяларды жаңа ережелер мен жаңа заңға сәйкес іріктеп жатырмыз», – деді Қазақстан Президенті.
А.Смолин судьяларды іріктеу тәртібі мен біліктілік талаптарын қатайтуды көздейтін Ұлт жоспарының 17-қадамының орындалуы туралы баяндады.
«Жүргізілген жұмыстар қорытындысы бойынша судья лауазымына елеулі кәсіби және өмірлік тәжірибесі бар тұлғалар тағайындалады», – деді А.Смолин.
Сондай-ақ, Жоғарғы Сот кеңесі төрағасы Судьялардың VII съезінде Қазақстан Президенті қойған міндеттерді орындауға қатысты жұмыстар туралы хабарлады.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша сот жүйесіндегі кадрлық жұмысты жетілдіру ісін жалғастыруды тапсырды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Қазақстандық сот орындаушылары борышкерлерден алимент өндіріп алды