- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығындағы өндіріс 2016 жылы 3,2% өскен
ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығындағы өндіріс 2016 жылы 3,2% өскен
Ол бұл экономикалық жағдайдың тұрақтануын және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің экономикаларының өсуіне көшу мүмкіндігін білдіретін көптеген үміт арттыратын белгілердің бірі ғана екенін атап өтті.
Сонымен бірге министр 2016 жылы ЕАЭО елдерінің жиынтық ЖІӨ-сі 0,3% ғана қысқарса, 2015 жылы 2,5% төмендегенін атап өтті. Осы ретте ЖІӨ азаюы Одақтың екі елінде ғана – Беларусь пен РФ-да байқалған. Қалған барлық мемлекеттер экономикалық өсуді көрсеткен. Мысалы, Армениядағы өнеркәсіптік өндіріс 6,9% өскен.
Татьяна Валовая экономиканың жекелеген салалары мен бөліктерін бағалай отыра, ауыл шаруашылығындағы өндірістің 2015 жылмен салыстырғанда 3,2% артқанына назар аударды.
«Бұл бізге келесі жылы оң траекторияға сенім артуға негіз береді», – деп атап өтті ЕЭК өкілі. Өнеркәсіп 0,2% өсіп, өткен жылғы деңгейде белгіленген. Алайда, бұл 2015 жылғы төмендеуге қарағанда, жақсы нәтиже болып саналады.
Бұдан бөлек, Одақ елдерінің макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау шараларын қабылдауы арқасында инфляция тұрақтанған.
«ЕАЭО мемлекеттері ортақ экономикалық кеңістікте анағұрлым бәсекеге қабілетті болу үшін өзінің ұлттық заңнамасын жетілдіре бастады. Бұл біздің халықаралық аренадағы позицияларымыздың жақсаруына әкеледі», - деп қорытты Т. Валовая.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы