- Басты
- Жаңалықтар
- Бекшин: Кәсіпкерлік нысандарын тексеру 3 есе қысқарды
Бекшин: Кәсіпкерлік нысандарын тексеру 3 есе қысқарды
«Кәсіпкерлік объектілерін тексеру 3 есе қысқарды. 2014 жылы әрбір сала бойынша 112 тексеру парағы болды. 2015 жылы 1 кешенді тексеруге қысқарту ұсынылды. 2016 жылы оларды 45 тексеруге дейін қайта көбейту ұсынылды. Яғни біз тексеру парақтарын жыл сайын өзгертіп отырамыз. Алайда, олардағы талаптар санитариялық қағидалар мен нормалардан алынады, тексеру парақтарынан тыс ешқандай бақылау жүргізілмейді. Осыған ерекше назар аудару қажет деп санаймын», - деп мәлімдеді Ж.Бекшин.
Еліміздің бас дәрігерінің айтуы бойынша, камералдық бақылауды енгізудің, өнімді іріктеудің арқасында тамақ өнімінің қауіпсіздігін бизнеске әсер етпей бақылауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік дәрігер атап өткендей, тексеру парақтары, санитариялық қағидалар мен нормалар «Атамекен» ҰКП-мен және ҚР ҰЭМ-де тіркелген 30 қауымдастықпен келісіліп отырған.
«Біз осының барлығын бірлесіп жасадық. Алайда, уақыт өте келе, тамақ өнімі өндірісінде нанотехнологиялар пайда болуда. Әрине, біз наноөнімді бақылау жөніндегі санитариялық қағидаларды ғылыми түрде қарастыратын боламыз», - деді Ж.Бекшин.
Қайрат Жандыбаев
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Елордада КВИ жұқтырғандар саны 2,4 есе артқан -
Эпиджағдай: КВИ жұқтырғандар саны 1,4 есе артқан -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ