- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 25 жыл болды
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 25 жыл болды
Үстіміздегі жылғы 19 қаңтарда біз Қазақстан Республикасы және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толуын атап өтудеміз.
Ширек ғасыр уақыт ішінде елдеріміздің арасындағы қатынастар теңдессіз жоғары деңгейге жетті: екі ел басшылары арасындағы қатынастар үнемі нығаюда, өзара сауда қарқыны өсуде, келісім-шарттар базасы кеңеюде, екіжақты қарым-қатынас институттары тиімді жұмыс атқаруда. Біріккен Корольдік біздің экономикамыздың алтыншы ең ірі инвесторы болса, Қазақстан Британияның 14 сыртқы экономикалық серіктесі тізіміне қосылды.
Ұлыбритания Премьер-министрі Д.Кэмеронның 2013 жылы Қазақстанға сапары кезінде қол қойылған стратегиялық серіктестік туралы Бірлескен мәлімдеменің қабылдануы қазақстан-британ қатынастарының ерекше мәртебесін айғақтайтын аса елеулі оқиға болды.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылы Ұлыбританияға ресми сапары стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға аса қуатты серпін берді. Сапар аясында бірқатар коммерциялық келісім-шарт пен жобаға қол қойылды.
Астана мен Лондонның берік те, сенімді қатынас орнатуға және ілгерілетуге деген ұмтылысы сыртқы істер министрлері деңгейіндегі тұрақты негізде қызмет атқаратын Стратегиялық диалог, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-британ Үкіметаралық комиссия, сондай-ақ Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі британдық парламенттің Жалпыпартиялық тобын құруға ықпал етті.
Бұл құрылымдар екіжақты қатынастардың кеңеюіне ғана емес, сондай-ақ Мемлекет басшысы ұсынған институционалды және экономикалық реформаларды ілгерілетугеде үлес қосады.
Қазақстан Ұлыбританиямен стратегиялық серіктестікті жан-жақты нығайтуға және дамытуға бағытталған сыртқы саяси бағытты одан әрі жүргізуге ниетті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі