- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында ТЖ алдын алу және оларды жою саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өңірлік орталық ашылды
Ақтөбе облысында ТЖ алдын алу және оларды жою саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі өңірлік орталық ашылды
«Өңірлік орталық Қазақстандағы пилотты жоба болып табылады. Осы жерде ТЖМ-ның Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарынан келген қызметкерлері өз кәсіби шеберліктерін жетілдіріп, білім деңгейін арттыратын болады», - делінген хабарламада.
Орталықтың жалпы ауданы алты гектар. Орталықта алты оқу сыныбы, 36 жататын орын, алпыс орындық асхана, психологиялық оңалту бөлмесі, тренажер залы, оқытушылар мен әдіскерлер кабинеті бар. Кітапхана қоры жасалған: 73 атаулы арнайы әдебиет бар. Сыныптардың бірінде интерактивті тақта орнатылған, оның көмегі арқылы өртті егжей-тегжейлі талдауға, басшылардың ТЖ-ны жою бойынша іс-әрекеттерін, сондай-ақ жеке құрамның зардап шеккен адамдарға көмек көрсету, оларды медицина қызметкерлеріне табыс еткенге дейін қауіпсіз орынға эвакуациялау кезіндегі іс-әрекеттерін түсіндіруге болады.
Орталықта айына орта есеппен 65-70 қызметкер, жалпы оқу жылында 495 адам оқитын болады.
Орталықта ҚР ТЖМ әртүрлі құрылым қызметкерлерін, оған қоса барлық деңгейдегі құтқарушыларды, өрт сөндірушілерді, кинологтарды, парамедиктерді оқыту, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің алғашқы даярлығын ұйымдастыру жоспарлануда. Кәсіпорындар мен пайдалы қазбалар кенорындарында практикалық сабақтар өткізу көзделуде.
Оқытудан өткен тыңдаушылардың білім деңгейін тексеру үшін өңірлік орталықта мультимедиялық жабдық кешені бар. Бұдан өзге сабақ өткізу кезінде «Автосаты» мен «Автосорғы» интерактивті тренажерлері, «Драгер», «Ауер» дем алу құрылғылары.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы