- Басты
- 2016 жылы Қазақстанда сәби өлімі 11%-дан астам көрсеткішке төмендеді
2016 жылы Қазақстанда сәби өлімі 11%-дан астам көрсеткішке төмендеді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, көп жағдайда сәби өліміне перинаталдық кезеңнің асқынуы себеп болады. Сонымен бірге, 1 жасқа дейінгі балалар дамудың туабітті ақаулары, тыныс алу және қан айналым органдарының сырқаттануы себепті де қайтыс болады.
Республикада күн сайын 1 мыңнан астам, жыл сайын 400 мыңнан аса сәби дүниеге келеді. Туу көрсеткіші соңғы 5 жылда 3%-ға өсті. Елімізде сәби өлімін азайтуға бағытталған шаралардың нәтижесінде салмағы 500 грамм және одан асатын шала туған балалар өмір сүруге мүмкіндік алды. 5 жылда салмағы 1500 граммға дейінгі санаттағы балалардың тіршілікке қабілеттілігі 30%-ға өсіп, 60%-ға жуық көрсеткішті құрап отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туу мен өлі туу өлшемдерін енгізуді есепке ала отырып елімізде стационарлық қызметті, тәжірибеге үнемді, қолжетімді, қарапайым, халықаралық технологиялардың дәлелді медицинасына негізделген тиімді перинаталды күтімді, балалық жас ауруларды біріктіріп қарастыруды нығайту мен жетілдіру шаралары басталды.
Еліміздің барлық өңірлерінде тиімді перинаталды көмекті енгізу бойынша оқыту орталықтары жұмыс істеуде.
Перинаталды көмек көрсетуде бірегей тәсілдерді қолдануды қамтамасыз ету мақсатында 300-ден астам емханалық хаттамалар халықаралық стандарттарға сәйкестендіріліп, бекітілді, сонымен бірге, медициналық қызметкерлер оқытылып, медициналық ЖОО-да оқу және жұмыс бағдарламалары өзгертілді.
Дамудың туабітті кемістіктерін уақытылы анықтау үшін генетикалық және ультрадыбыстық скрининг жасалады. Перзентхана деңгейінде нәрестелердің есту қабілеті кемістіктерін анықтау бойынша скрининг енгізілген.
Туабітті жүрек-қантамырлар жүйесі кемістігін түзету бойынша түбегейлі хирургиялық оталар сәтті жүзеге асырылып келеді. Бүгінде Астана және Алматы қалаларындағы ғылыми орталықтарда нәрестелерге «ашық жүрекке» ота жасалуда, сонымен қатар, жүрек кемістігін интервенциалды, аз инвазивті тәслдермен түзету шаралары іске асырылуда.
Айта кету керек, ана мен сәби денсаулығы еліміздің демографиялық, экономикалық, еңбек, әлеуметтік, мәдени және қорғаныс әлеуетінің негізін қалыптастырады. Сондықтан жа, ана мен бала денсаулығын қорғау – республикадағы денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 ж. арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстанда негізгі әлеуметтік мәні бар, елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар 5 негізгі нозология (миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру) бойынша медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісі кезең кезеңімен енгізіліп келеді.
-
Жастар жылының жақсылығын көрген жандар
2019 жыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Жастар жылы болып жарияланған еді. Соның аясында биыл елімізде жастардың әлеуметтік жағдайын арттыру, білім сапасын көтеру, жас отбасын қолдау және жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бірқатар шара қолға алынды. Мемлекет қолға алған бағдарламалар шеңберінде өз кәсібін ашып, жас отбасыларға, ата-аналарға психологиялық көмек көрсетіп отырған және де мемлекеттік бағдарлама арқылы алғашқы болып жалдамалы пәтерге ие болған жандармен сұхбаттасқан едік.
10 Желтоқсан 2019, 17:51
-
Жастар жылы: "Студенттер альянсы" - билік пен студент арасындағы көпір
"Қазақстан студенттері альянсы" - билік пен студент арасындағы көпір. Елордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Жастар жылының жабылуы және Волонтер жылының ашылуына байланысты салтанатты жиын өтті. Жиынға қатысқан "Қазақстан студенттері альянсының" жетекшісі Ілияс Түстікбаев елдегі студенттердің проблемасына, альянстың жастар жылы аясында істеген жұмыстарына тоқталды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
10 Желтоқсан 2019, 17:01
-
Қызылорда облысында 27 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы атанды
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысында 27 422 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 20 490 адам жұмысқа орналастырылса, оның 13 109-ы немесе 64% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
10 Желтоқсан 2019, 15:31
-
Қазақстанда адам құқықтарын қорғау қалай жүзеге асырылады
Елордада Құқық қорғаушылардың жаңа буын Коалициясының қызметі таныстырылды. Адам құқықтары күніне орай ұйымдастырылып отырған шарада әйелдерге қатысты тұрмыстық,физикалық зорлық мәселелері де талқыланды,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
10 Желтоқсан 2019, 12:05
-
Жастар жылы: "Жас кәсіпкер" жобасы өмірімді түбегейлі өзгертті
Ел астанасында мемлекет басшысының қатысуымен Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Аталған іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан 500-ге тарта жас қатысуда. Шара барысында Жастар жылы аясында жетістікке жеткен, өз кәсібін ашқан, өз еркімен ауылға жұмыс істеуге аттанған жастармен сұхбаттасқан едік.
10 Желтоқсан 2019, 10:59
-
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы көші-қон процестері талқыланды
Елордамызда «Қазақстандағы көші-қон: проблемалар, тенденциялар, перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел өтті, оның барысында адам саудасының алдын алу және адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, сонымен қатар ішкі, сыртқы, этникалық және заңсыз көші-қон мәселелері талқыланды.
05 Желтоқсан 2019, 10:42
-
Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жаңа оқу жылының басталуына орай жеке құрамның салтанатты сапқа тұруы өтті. Жаңа кезең «Қуатты армия - Ел тірегі!» ұранымен басталды.
04 Желтоқсан 2019, 09:13
-
Қостанай облысында 24 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қостанай облысында 24 561 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 16 305 адам жұмысқа орналастырылса, оның 13 287-сі немесе 81,5% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
03 Желтоқсан 2019, 13:30
-
Қазақстанда алғаш рет "Зерна" адамгершілік педагогикасының халықаралық фестивалі өтті
Алматы қаласында 5 алыс және жақын шетелдерден 1000-ға жуық қонақтарды біріктірген "Зёрна " адамгершілік педагогикасының Халықаралық фестивалі өтті.
03 Желтоқсан 2019, 10:57
-
Қазақстанда энергия үнемдеу қалай жүзеге асырылады
Елордада II Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтті. Шара еліміздің энергия үнемдеу саласындағы барлық жетістіктері туралы халықты хабардар ету және халықаралық деңгейдегі салалық сарапшылармен энергиялық тиімділікті арттыру жөніндегі өзекті мәселелерді талқылау мақсатында халықаралық энергия үнемдеуге орайластырылған басты қорытынды алаң болып отыр, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
29 Қараша 2019, 14:31
-
Жастар жылы: Жастар тұрақты даму мақсаттарына атсалысады
Елордада «Студенттер мен жас оқытушылардың ТДМ-2030-ға үлесі» атты халықаралық форум өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 17:38
-
Қарағанды облысында 43 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында 43 853 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 33 901 адам жұмысқа орналастырылса, оның 30 621-і немесе 90% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
27 Қараша 2019, 09:50
-
Ішкі істер министрінің қабылдауына 100-ден астам адам жазылды
102 адам жалпы республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күні Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қабылдауына жазылды.
21 Қараша 2019, 14:50
-
Т. Дүйсенова Қазақстандағы еңбек нарығының дамуы туралы айтты
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Тамара Дүйсенова Дубай қаласындағы VI Білім саммиті аясында өткен «Тұрақты үкіметтер» сессиясы барысында Қазақстандағы еңбек нарығын жаңғырту туралы баяндады.
20 Қараша 2019, 16:57
-
БҚО-да 23 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында 23 346 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 14 748 адам жұмысқа орналастырылса, оның 9 978-і немесе 68% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
19 Қараша 2019, 16:26
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды