- Басты
- Жаңалықтар
- И.Тасмағамбетов Универсиадаға дайындықтың қорытындыларын шығарды
И.Тасмағамбетов Универсиадаға дайындықтың қорытындыларын шығарды
Қазақстан Республикасының спортшылары алғаш рет Универсиада бағдарламасына енген спорттың барлық түрі бойынша сайысқа түседі.
Сонымен қатар, Қазақстан тарапынан қатысатын 250 спортшының тізімі жинақталып, келісілді. Олардың барлығы жинақталып, сайысқа әзір тұр.
«Біз 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық барысы жөнінде мәселені, оның ішінде студенттік командалардың оқу-жаттығу жиынын өткізу қорытындысын, FISU конференциясын ұйымдастыру және ұлттық құрама команданы парадтық спорт киімдерімен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырамыз».
Универсиадаға даярлық аясында 12 қысқы спорт түрінен 26 оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды және өткізілді. Оның ішінде керлинг, шайбалы хоккей, коньки тебу спорты, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, биатлон, шаңғы жарысы, шаңнымен трамплиннен секіру, тау шаңғысы, фристайл (акробатика), сноуборд және шаңғы қос сайысы бар. Оған 32 жоғары оқу орны мен 5 колледжден 137 спортшы қатысты.
Сондай-ақ, 2-5 ақпан күндері «Университеттік спорт: қоғамның денсаулығы мен болашағы» тақырыбында Универсиада бағдарламасының ресми бөлігі саналатын FISU қысқы конференциясы өтеді. Шараға әлемнің 30 елінен ұлттық студенттік федерациялардың президенттері, ЖОО-ның ректорлары, әлемдік қауымдастықтағы жетекші ғалымдар мен мамандар қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, Универсиаданың басты міндеті - университтерде спортты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Astana Hub пен ЮНИСЕФ әлеуметтік IT-жобалар конкурсының қорытындысын шығарды -
Мақтааралдық диқандар мың тонна қарбызды экспортқа шығарды -
Үнді сазгерлері «Бірігіп біз күресеміз» атты музыкалық туынды шығарды -
Қазпошта Махатма Гандидің дүниеге келуіне орай 500 теңгелік номинал шығарды -
Н. Нығматулин Мәжілістің 2017 жылғы жұмысының қорытындысын шығарды -
Ақсу қант зауыты алғашқы қантын шығарды -
Данияр Ақышев «Qazkom» банкі банкротқа ұшырады деген әңгімені жоққа шығарды -
Елбасы Путинмен Сирия мәселесі бойынша өткен кездесудің қорытындыларын талқылады -
Алматы облысында Көксу қант зауыты 5 күн ішінде 200 тонна қант шығарды -
Кентау трансформаторлық зауыты 12 млрд теңге сомасына өнім шығарды -
Қарағандыдағы наубайхана 1 800 тоннадан астам нан өнімін шығарды -
ОҚО-да ШОБ субъектілері 158,3 млрд. теңгенің өнімін шығарды (ФОТО) -
Кентаудағы зауыт алты айда 100 млн теңгенің өнімін шығарды (ФОТО)