- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Үкiметі «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» қаулы жобасын қабылдады
ҚР Үкiметі «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» қаулы жобасын қабылдады
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі айтқандай, бюджеттік кодекс талаптарына сәйкес қалыптастырылған құжатта мақсатты ағымдағы трансферттер сомасы және облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалалары бюджеттеріне несиелер, қаржының белгілі бір бөлігін «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» және «Моноқалаларды дамыту 2012-2020» бағдарламалары бойынша бөлу жолдары қарастырылған.
Сонымен қатар, министр Өңірлік даму министрлігіне 2014 жылғы 20 қаңтарға дейін кондоминимум объектілерінің жалпы мүлігін жөндеуге және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға көзделген шығыстарды бөлуді ұсыну қажеттiгiн атап өттi. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде екінші деңгейлі банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау қаржылық жылға арналған бюджет қаражатының лимитіне сәйкес қатаң іске асырылуы тиіс екенін тiлге тиек еттi.
«Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың соңына дейін Нысаналы даму трансферттері жөніндегі нәтижелер туралы келісім жасап, жергілікті атқарушы органдарға құрылыс және тұрғын үй құрылысы, ауыз сумен жабдықтау, білім, денсаулық сақтау мен мектепке дейін білім беру ұйымдарының объектілерін реконструкциялауға арналған конкурстық рәсімдердің заңнамада белгіленген жаңа тәртіппен хабарландырылуын қамтамасыз етіп, кейінге қалдыру шарттарымен бюджеттік басым инвестициялар бойынша қысқа мерзім ішінде толық құжаттар пакетін ұсынуды қамтамасыз етуі қажет», - деп толықтырды Досаев.
Министр 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарлардың жобаларын және стратегиялық жоспар әзірлемейтін мемлекеттік органдар бойынша бюджеттік бағдарламалар заңнамада белгіленген мерзімде қамтамасыз етілуi тиiс екендiгiн атап өттi.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы