- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте 2 электр станциясы 80 мыңға жуық тұрғынды электр қуатымен қамтамасыз етеді
Шымкентте 2 электр станциясы 80 мыңға жуық тұрғынды электр қуатымен қамтамасыз етеді
Спикердің мәлімдеуінше, облыс тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы облыстық бюджеттен 5,534 млрд. теңге бөлініп, 22 нысанның құрылысы жүргізілді. Нәтижесінде, 585,8 шақырым электр желілері мен 233 дана КТП орнатылып, 72 мың тұрғын тұрақты және сапалы электр қуатымен қамтылған.
«Шымкент қаласының солтүстік бөлігінде 350 мың халық пен әлеуметтік нысандарды сапалы электр қуатымен қамту мақсатында құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын 220 киловольттық «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, 2016 жылы Шымкент қаласында 80 мың халықты қамтитын 110 киловольттық «Астана-1,2» қосалқы станциясының құрылысы басталды»,-деді басқарма басшысы.
Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициясы есебінен 4,86 млрд. теңгеге 610,9 шақырым электр желілері мен 108 дана қондырғыларға қайта құру және жаңарту жұмыстары жүргізілген. Осылайша, электр жүйелерінің тозығы жетуі 57,5 пайыздан 55 пайызға төмендеп отыр.
Брифингте 2017 жылы атқарылатын жұмыстарымен бөліскен басқарма басшысы тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 38 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланғанын атап өтті. Яғни, 982,64 шақырым электр желілері, 396 дана КТП орнатылып, 74 мың тұрғын тұрақты, сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері