- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 2016 жылы экономикаға 380 млрд теңгеден астам инвестиция құйылды
ОҚО-да 2016 жылы экономикаға 380 млрд теңгеден астам инвестиция құйылды
Былтыр Оңтүстікте индустриаландыру бағдарламасы бойынша 9,3 млрд. теңгені құрайтын 19 жобаны іске қосылды.
«Нәтижесінде 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы аталған мемлекеттік бағдарлама басталғалы облысымызда 230 млрд-тан астам теңге жұмсалған 159 жоба жүзеге асты. Нәтижесінде 13 500 жұмыс орны пайда болып, аталған кәсіпорындар 270 млрд-тан астам теңгенің өнімін шығарды», – деді Ербол Әбілхайырұлы.
Өңірде жұмыс істеп тұрған 173800 шағын және орта кәсіпкерлік бар. Олар 325 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Осынша жұмыс күшімен өткен жылдың 9 айындағы өндірілген өнім көлемі 627,6 млрд. теңгені құрады. Ал, ауыл шаруашылығындағы табыс 445 млрд. теңгеге жетті.
2016 жылы негізгі қорға 380 миллиард 600 миллион теңге инвестиция бағытталды. Инвестициялық салымдардың 245 млрд теңгесі шағын кәсіпорындардың үлесінде. Оңтүстікте құрылыс қарқынды жүргізіліп жатыр.
Былтыр 529,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 19%-ға артық. Тұрғындарды жаңа қоныспен қамту бойынша облыс елімізде Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысынан кейінгі 4-орынды иемденді.
Облыс бюджетінің көлемі 575,8 млрд. теңгені құрады.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді