- Басты
- Жаңалықтар
- Давоста Қазақстанның ивестициялық және көліктік мүмкіндіктерін таныстырылады
Давоста Қазақстанның ивестициялық және көліктік мүмкіндіктерін таныстырылады
ҚР ИДМ басшысы форумның «Төртінші индустриялық революцияға дайындық» тақырыбындағы панелдік сессиясына қатысты. Бұл жерге Марк Бенеф, Билл Гейтс, Джек Ма, Билл Макдермотт, Чак Роббинс сияқты тағы да басқа әлемдік технология саласының ірі тұлғалары келді. Сессия қатысушылары төртінші индустриялық революцияға қалай әзірлену керек, оның қазіргі жұмыс орындарына және жалпы базалық кіріске қатысты әсері қандай деген мәселелерді талқылады.
Форум алаңында Жеңіс Қасымбек Қазақстанда өз жобаларын жүзеге асырып жатқан және жоспарлап отырған инвестиция, өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, химия саласында жұмыс істейтін «Enerco Distribuzione», «Glencore», «FT CNBC Nightcap», Evonik AirSpan, Sun Group сияқты бірқатар шетелдік компания және инвестиция саласындағы ұйым басшылығы өкілдерімен іскерлік кездесуі жоспарланған. Сондай-ақ, министр перспективалы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бойынша жапонияның «JETRO» инвестициялық агенттігімен, «Инфрақұрылымдық инвестициялар Азиялық банк» басшысымен және ЕҚДБ вице-президенті Ален Пилумен келіссөздер жүргізеді.
Бұдан бөлек, ҚР Инвестициялар және даму министрі «Нарық капиталын дамыту үшін шетелдік инвестицияларды тарту» және «Жібек жолының тиімділігі» тақырыбындағы сессияларға қатысады. Онда әлемнің көптеген елдеріне Қазақстанның көлік хабы мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырады.
«Отандық көшбасшылық» ұранымен өтіп жатқан Давос форумы биыл да әлемнің көптеген жоғары лауазымды тұлғалары қатысатын алаңға айналып отыр. Оның ішінде бізге көрші елдердің басшылары да бар. Мәселен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Иранның өнеркәсіп және кен министрі және тағы басқалар.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар