- Басты
- Жаңалықтар
- Ә. Исекешев Астанадағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жоспар әзірлеуді тапсырды
Ә. Исекешев Астанадағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жоспар әзірлеуді тапсырды
Энергетика министрлігінің Астана қ. экология департаментінің статистикасына сәйкес, қазіргі уақытта елордада атмосфераға лас заттардың 53%-ын автокөліктер шығарса, 10% жеке сектордың (пешпен жылыту, жеке қазандықтар) үлесіне тиеді. Сонымен қатар, отырыста қаланы басқан қою түтін тақырыбы да қозғалды, оған антициклон, желсіз ауа райы (1-2 метр), тұман және ылғалдылық (91%) себеп болған.
«Желсіз күні ауада жағылған отынның иісі сезіледі. Бұған қатты отынды жаққанда түзілетін күл себеп, оны адам ағзасы автокөлік газынан гөрі жақсы сезінеді. Ал осы ретте автокөліктерден шығатын лас заттардың көлемі жеке сектордың үлесінен 5 еседен артық. Бідің бақылауымызша, қатты отынды пайдалану кезінде ластаушы заттардың ең көп мөлшері әсіресе желсіз күндері сезіледі, ал жеке секторлардың елорданың периметрімен орналасқанын ескерсек, түтін Астананың басым бөлігіне тарайды», - деп мәлім етті Энергетика министрлігінің Астана қ. бойынша экология департаментінің басшысы Абзал Егембердиев.
Әкім экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кешенді жоспарды қысқа мерзімде әзірлеуді тапсырды. Әсет Исекешевтің айтуынша, жаңа стандарттар кешенді ғылыми зерттеулерді, қоршаған ортаның жағдайына мониторингті және халық пікірін ескере отырып әзірленуге тиіс.
«Жақын уақытта бұл міселені қаланы орнықты дамыту жөніндегі кеңес арқылы қоғамдық тыңдауға шығаруды тапсырамын. Экология мен атмосфералық ауаның жаңа сапалық индикаторларын бекітіп, солар бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізілу керек. Осы мақсатта кешенді ғылыми зерттеулер жүргізілетін болады», - деп атап көрсетті Әсет Исекешев.
Сондай-ақ, қала әкімі елорданың барлық аудандарында атмосфералық ауаның жағдайын қадағалайтын құрылғылар орнатуды тапсырды.
Ә. Исекешевтің айтуынша, кешенді жоспарға ЖЭО, жеке сектордың және көлік құралдарының ауаға шығаратын лас заттарының мөлшерін қысқарту бойынша шаралар енгізіледі.
Сонымен бірге, отырыста бүгінде Үкіметте қаралып жатқан елорданы газдандыру мәселесі де қозғалды. Жақын уақытта салалық мемлекеттік органның және «ҚазТрансГаз» компаниясының қатысуымен арнайы кеңес өткізіліп, онда қаланы газбен қамту жолдары қарастырылатын болады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері