- Басты
- Жаңалықтар
- Панфилов ауданында биыл жеміс-жидек сақтайтын цех ашылады
Панфилов ауданында биыл жеміс-жидек сақтайтын цех ашылады
Д. Абдулдаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының Алматы облысына келген сапарында берген тапсырмаларының бірі бақ өсіру мен алманы жаңғырту ісі болатын. Облыс басшылығының жіті қадағалауында тұрған бұл тапсырманы орындауға облыстың барлық аймағы, соның ішінде Панфилов ауданы да атcалысуда.
Мәселен, 2015-2016 жылдары «Жаркент-Фрукт» ЖШС қарқынды жұмыс жүргізіп, 1110 гектар жерге әртүрлі сортты бақ отырғызды. Атап айтқанда, оның 578 гектары - алма, 405 га – қызыл шие, 74 га - шабдалы, 40 га - қара өрік, 13 га – алмұрт. Сол аумақтың 988 гектарына тамшылатып суғару әдісін қолданылады. Серіктестікте бүгінгі күні 442 адам жұмыс жасайды. 2017 жылы осы кәсіпорын сұрыптау және сақтау цехтарын ашуды жоспарлап отыр, оның инвестициясы – 3,0 млрд.теңге.
Сонымен қатар жыл басынан бері аудандағы шаруашылықтар жалпы құны 476,0 млн.теңге құрайтын 109 жаңа техника сатып алған. Мұның сыртында ауыл шаруашылығында сервистік-дайындау орталығы құрылды.
Жалпы ауыл шаруашылығы саласында аудан бойынша жалпы өндірілген өнімнің құны 35,1 млрд. теңгеге жетіп, нақты көлем көрсеткіші 102,7 пайызды құраған.
Алматы облысында есеп беру жиындары басталғаннан бері бүгінгі күнді қосқандағы үш күн ішінде ауылдық округтер мен аудан әкімдерінің жалпы саны 372 есепті жиындары өткізілді.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
ЖЭК-ті дамыту: ЖЭК үлесін 10%-ға жеткiзу, аукцион жүйесі және биыл іске қосылатын нысандар -
Генерал-лейтенант: Биылғы міндет – бірде-бір сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу -
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары ашылады