- Басты
- 2017 жылғы Универсиадаға Ұлыбританиядан 70-тен астам спортшы қатыспақ
2017 жылғы Универсиадаға Ұлыбританиядан 70-тен астам спортшы қатыспақ

Британдық атлеттер спорттың он түріне қатысады: фристайл, тау-шаңғы спорты, керлинг (Е, Ә), мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей (Е, Ә), шорт-трек, шаңғы жарысы, слоупстайл және сноуборд. Делегация өкілдері алдыңғы жарыстарда жақсы нәтиже берген құрама командасының нәтижелі ойын көрсететініне сенім білдіреді.
Ұлыбритания делегациясы басшысының орынбасары Викки Кэмпбелдің айтуы бойынша, спортшыларда жаттығудың белсенді кезеңі өтіп жатыр.
«Біз спортшыларымыз керлингтен медаль алады деп сенеміз, себебі біз соңғы Универсиадаларда осы спорт түрі бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізген болатынбыз. Әрбір елдің өзінің күшті жақтары бар, біз қызықты әрі әділ бәсекелестік күтеміз», - деді ол.
Корольдік делегациясының мүшелері Қазақстанға 2016 жылғы қыркүйекте келген болатын.
«Бізге Алматы қаласы өте ұнады, адамдар жылы шырайлы әрі ашық. Өз тарапымыздан біз жаңа достар табуға мүмкіндік беретін жақсы ұйымдастырылған, қызықты ойын күтеміз. Ұлыбритания барлық қатысушыларға Универсиадада сәтті өнер көрсетуді және мәңгілік есте қалатындай естеліктер тілейді.
Еске сала кетейік, Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 29 қаңтардан 8 ақпанға дейінгі кезеңде Алматы қаласында өтеді. Алдағы жарыстарға әлемнің 60 елінен 2000-нан астам спортшының қатысуы жоспарлануда. Спорттың 12 түрі бойынша 86 медаль жинағы ұтысқа шығарылады.
-
Мемлекеттік бюджеттің есебі: 2020 жылғы кіріс, игерілмеген қаржы мен 2021 жылғы міндеттемелер
-
Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді
-
ҚР-дағы вакцинациялау: 700-ден астам дәрігер екпе салдырды
-
А.Райымқұлова: Құжат - ЮНЕСКО жүйесiнде Қазақстанның бастамаларын iске асыруға ықпал етпек
-
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
Қызылорда облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 2020 жылғы жұмысын қорытындылады
-
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2020 жылғы қорытындылары
-
Қазақстанда 858 мыңнан астам адам АӘК алды
-
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады
-
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,2 трлн-нан астам теңге зейнетақы төленді
-
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар
-
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері
-
«Елбасы бастамалары халықтың игілігіне қызмет етіп келеді»: сарапшылар пікірі
-
Қорғаныс министрлігі бюджет қаражатынан 9 миллиардтан астам теңгені үнемдеді

